15.03.2022, 18:09 8691

Тоқаев төрт елдің елшілерін тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жарлықпен төрт елге: Түркия Республикасына, Түрікменстанға, Тәжікстанға және Куба Республикасына жаңа елшілерді тағайындады.
Тоқаев төрт елдің елшілерін тағайындады
НҰР-СҰЛТАН. 15 НАУРЫЗ - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жарлықпен төрт елге: Түркия Республикасына, Түрікменстанға, Тәжікстанға және Куба Республикасына жаңа елшілерді тағайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Уәлихан Әмірханұлы Төреханов Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің басқа Жарлығымен Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны