20.12.2021, 18:14 124106

Тоқаев Цойға атқарған жұмысы үшін алғыс айтты

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желілердегі парақшасында хабарлады.
Тоқаев Цойға атқарған жұмысы үшін алғыс айтты
НҰР-СҰЛТАН. 20 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтаудың бұрынғы министрі Алексей Цойға атқарған жұмысы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға белсенді жұмыс істегені, әсіресе Қазақстанда коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді. 
 
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желілердегі парақшасында хабарлады.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, Президенттің Жарлығымен Алексей Цой ҚР Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны