17.06.2022, 15:28 50786

Тоқаев жұма күні Петербург экономикалық форумында сөз сөйлейді

Пленарлық отырыс Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 17.00-де басталады.
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. 17 МАУСЫМ - Бүгін, 17 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургтегі экономикалық форумның пленарлық сессиясында сөз сөйлейді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Форум бағдарламасына сәйкес, пленарлық сессия Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 17.00-де басталады. 
 
Бірінші болып Ресей Президенті Владимир Путин сөз сөйлейді. Одан кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, одан кейін Мысыр Президенті Әбдел Фаттах әл-Сиси және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин сөз сөйледі.
 
Форумның модераторы RT телеарнасының бас редакторы, "Россия сегодня" медиа тобының бас редакторы Маргарита Симоньян болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны