31.08.2026, 17:19 47660 / 8936

Тоқаев жұмыс сапарымен Бішкекке барды

Тоқаев жұмыс сапарымен Бішкекке барды
Сурет: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және "ШЫҰ+" форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады деп күтілуде.

Қазақстан президентін "Манас" әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы - Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны