08.02.2021, 18:37 16928

Тоқаев жаңа құрылған әкімшілік соттарға сапалы мамандар іріктеу жүргізуді тапсырды

Президентке Жоғары Сот Кеңесі судьяларды іріктеудің сапасын арттыру үшін қолданатын заманауи HR және цифрлық технологияны енгізу жөнінде айтылды.

Нұр-Сұлтан. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, ол еліміздегі сот корпусының жалпы ахуалы, Жоғары Сот Кеңесінің былтырғы жұмысының қорытындылары мен биылғы жылға жоспары жайында баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Донақов Мемлекет басшысына Қазақстан халқына Жолдауында және республикалық соттар съезінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, Президентке Жоғары Сот Кеңесі судьяларды іріктеудің сапасын арттыру үшін қолданатын заманауи HR және цифрлық технологияны енгізу жөнінде айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа Кеңес жұмысына жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ, елдегі жаңа құрылған әкімшілік соттарға сапалы мамандар іріктеу туралы тапсырма берді.

Бұған дейін Президент судьяларды іріктеу тетігін қатаңдату жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны