06.02.2023, 12:39 19491

Тоқаев жер сілкінісінен кейін Түркияға көмек көрсетуге дайын екенін білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне көңіл айтты
Астана. 6 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты осы елдің Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Түркия Республикасында болған аса күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бүкіл түрік ағайындарымыздың ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын", - деп жазылған жеделхатта.


Сонымен қатар Президент Қазақстанның Түркияға тиісті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Бүгін таңертең 7,4 баллдық жер сілкінісі Түркияның Кахраманмараш провинциясында болып, бірқатар қалалардың қирауына әкелді. Сондай-ақ Сирияның бірнеше аймағында қирағандығы белгілі, жер сілкінісі Ливан мен Ирак астанасында сезілді.

Қазіргі уақытта Сирияда 237, Түркияда 284 адам қайтыс болғаны белгілі, деп хабарлайды РИА Новости.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны