12.03.2010, 17:51 5310

Тоқаев митрополит Мефодийге еліміздегі ұлттық бірлік пен дінаралық келісімді қамтамасыз ету ісіне зор үлес қосқаны үшін ризашылық білдірді

Тоқаев митрополит Мефодийге еліміздегі ұлттық бірлік пен дінаралық келісімді қамтамасыз ету ісіне зор үлес қосқаны үшін ризашылық білдірді

Астана. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін парламент сенатының төрағасы, Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев митрополит Мефодийді оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында Қ.Тоқаев біздің еліміздегі митрополит округінің бұрынғы басшысына Қазақстан қоғамдастығындағы ұлттық бірлік пен дінаралық келісімді қамтамасыз ету ісіне зор үлес қосқаны үшін ризашылық білдіріп, оның Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысына белсенді түрде қатысқанын атап өтті.

Қ.Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан басшылығының елімізді жаңғырту мен ілгерілету барысындағы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатындағы күш-жігерімен Орыс Православ шіркеуінің қызметі де үйлесіп отыр. Төраға сондай-ақ Орыс Православ шіркеуінің патриархы Кириллдің таяудағы Қазақстанға сапары және оның президент Н.Назарбаевпен келіссөздерінің маңыздылығын атап өтті.

Митрополит Мефодий дінаралық үнқатысу жөніндегі жоғарғы деңгейдегі кездесулер өткізу жөніндегі бірлескен жұмыстары үшін сенат төрағасы Қ.Тоқаевқа алғыс айтты.

"Мен Орыс Православ шіркеуінің өкілі ретінде Қазақстанда жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болғанымды мақтаныш етемін. Мен Қазақстан мен оның халқын шынайы жақсы көрдім",-деді митрополит.

Митрополит Мефодий Киелі синодтың шешімімен биылғы 5 наурызда Пермь және Соликамск епархиясының басқарушысы болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны