09.09.2016, 08:05 2920

Токиода Қазақстан елшісі Жапония Парламенті Өкілдер палатасыныӊ Спикерімен кездесті

Т. Ошима ядролық қарудан зардап шеккен Жапония мен Қазақстан халықтарыныӊ тарихи тағдырларыныӊ ұқсастығын атап өтіп, Қазақстан мен Жапония арасындағы ядролық қарусыздану саласындағы ынтымақтастығыныӊ ерекше маӊыздылығына тоқталды.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 7 қыркүйекте Токиода Қазақстанныӊ Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапония Парламенті Өкілдер палатасыныӊ Спикері Тадамори Ошимамен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Т. Ошима Қазақстанды Семей ядролық полигоныныӊ жабылуыныӊ 25-жылдығы және Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орайластырылған "Ядролық қарусыз әлемді құру" халықаралық конференцияныӊ сәтті өтуімен құттықтады.

Т. Ошима ядролық қарудан зардап шеккен Жапония мен Қазақстан халықтарыныӊ тарихи тағдырларыныӊ ұқсастығын атап өтіп, Қазақстан мен Жапония арасындағы ядролық қарусыздану саласындағы ынтымақтастығыныӊ ерекше маӊыздылығына тоқталды.

Спикер Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шарттыӊ тез арада күшіне енуін қолдаған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ және Жапонияныӊ Премьер-министрі Синдзо Абэніӊ саяси мәлімдемелерініӊ құндылығын атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар жоғары деӊгейдегі саяси диалогты ілгерілету, парламентаралық байланыстарды дамыту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін де талқылады.

Жапония Парламенті төменгі палатасыныӊ спикері Қазақстанныӊ 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі ретінде Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет болып сайланғандығын атап өтіп, Қазақстан үшін халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бойынша қосымша мүмкіндіктерге жол ашылатындығын құптады.

Кездесу соӊында Т. Ошима қазақстандықтарға келе жатқан Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25-жылдық мерейтойына орай өзініӊ жылы лебізін жолдады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны