06.09.2016, 15:42 4494

Тоқтар Төлешов ісі бойынша сот процессі 14 қыркүйекте жабық жағдайда өтеді

Аталған іс аясында 25 тұлға қылмыстық жауапкершіліке тартылып, 300 адам куә ретінде өтеді.

Астана. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада билікті күшпен басып алуға тырысты деген айыппен ұсталған белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовке қатысты қылмыстық іс Астана қаласы мамандандырылған әскери сотқа келіп түсті. Бұл туралы әскери соттыӊ қылмыстық істер бойынша аппеляциялық алқа мәжілісініӊ төрағасы Жандос Мұсабекұлы мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, Т. Төлешовтіӊ ісі сотқа 29 тамызда келіп түскен.

"5 қыркүйекте өткен алдын ала тыӊдау қорытындысы бойынша, іс сот өндірісіне қабылданып, басты сот талқылауы 2016 жылдыӊ 14 қыркүйегіне сағат 10:00-ге тағайындалды", - деді Ж. Мұсабекұлы.

Айта кетейік, аталған іс аясында 25 тұлға қылмыстық жауапкершіліке тартылып, 300 адам куә ретінде өтеді.

Тергеу барысында Т. Төлешовтыӊ бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар екендігі анықталған. Оныӊ қылмыстық әрекеті ҚР ҚК 1997 жылғы редакциясындағы 125 бабы (адам ұрлау), 126 бабы (адамды заӊсыз еркіндігінен айыру), 179 (Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасыныӊ конституциялық құрылысын күштеп өзгерту), 182 (Экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оныӊ әрекетіне қатысу), 262 (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу), 265 (Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу), 286 (Қылмыстық топтыӊ әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлiктi сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзiрлеу), 268 (бандитизм), 287 (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заӊсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру), 296 (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектес заттармен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заӊсыз жұмыс істеу) және 367 (пара беру), сондай-ақ 96 бап (адам өлтіру), 107 (қинау) және 187 (Бөтенніӊ мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) баптарымен айқындалады. Т. Төлешов барлығы 16 қылмыс бойынша айыпталуда.

Сондай-ақ Т. Төлешов басқарған қарақшылар оныӊ нұсқауымен бірқатар қылмыстар жасаған, олардыӊ арасында адам өлтіруге оқталу, адам ұрлау, адамды заӊсыз еркіндігінен айыру, қинау, қарақшылық, бөтенніӊ мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру сынды қылмыстар бар. Сондай-ақ тергеу Т. Төлешов пен оныӊ бірқатар сыбайластары билікті күшпен басып алуға, оныӊ ішінде ҚР аумағында бірқатар әлеуметтік шиеленіс ошақтарын ұйымдастырып, жаппай тәртіпсіздіктер мен наразылық акцияларын ұйымдастыруға дайындық жасағанын анықтады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны