12.04.2013, 12:13 3095

Төмен тарифтер су-энергетикалық секторға жаңа технологияларды енгізуді тежейді

"Біз энергетиканы да, су секторын да, коммуналдық-тұрмыстық секторды да өте көп субсидиялаймыз... Бірақ, тарифтер төмен және олар бұл жүйелерді жетілдіруге, жаңасын салуға мүмкіндік бермейді, сондықтан бәріміз экологиялық нашар ескі технологияларда отырмыз", - деп түйіндеді Н.Қаппаров.

Астана. 12-сәуір. Kazakhstan Today - Төмен тарифтер су-энергетикалық секторға жаңа технологияларды енгізуді тежейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров "Қазақстанда "жасыл" экономика құру" конференциясында мәлім етті.

"Біз энергетиканы да, су секторын да, коммуналдық-тұрмыстық секторды да өте көп субсидиялаймыз... Бірақ, тарифтер төмен және олар бұл жүйелерді жетілдіруге, жаңасын салуға мүмкіндік бермейді, сондықтан бәріміз экологиялық нашар ескі технологияларда отырмыз", - деп түйіндеді Н.Қаппаров.

Ведомство басшысы атап өткендей, тарифтер азаматтар мен кәсіпорындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына жағымсыз әсер етпей біртіндеп өсуі тиіс.

"Еліміздегі тарифтердің өсуі болмаған жағдайда қоқыс өңдейтін зауыттарды салу, су және энергетикалық жүйені жетілдіру сияқты жобалар инвестицияланбайды", - деп қортындылады Н.Қаппаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны