29.03.2012, 11:41 3273

Төрт адам зардап шеккен метродағы апатты қалалық комиссия зерттеуде

Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, салдарынан төрт адам зардап шеккен Алматы қаласының метросында болған төтенше жағдайды тұрғындарды бақылау және әлеуметтік қорғау бойынша қалалық департаментінің комиссиясы зерттеп жатыр.

Алматы. 29-наурыз. Kazakhstan Today - Төрт адам зардап шеккен метродағы апатты қалалық комиссия зерттеуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, салдарынан төрт адам зардап шеккен Алматы қаласының метросында болған төтенше жағдайды тұрғындарды бақылау және әлеуметтік қорғау бойынша қалалық департаментінің комиссиясы зерттеп жатыр.

Белгілі болғандай, 27 наурыз күні сағат шамамен 20:00-де метрополитеннің екінші кезегінің нысанындағы "Алатау-Сайран" стансасының туннелінде газ-су қоспасы буларының атылуы болды, бірақ ол, абырой болғанда, жанбай қалды. Таулы өндірулер құламай, қазба жүргізгіш кешеннің жабдықтары зақымданбады. "Алматыметроқұрылыс" АҚ-ның "Тоннельдік жасақ" құрылыс-монтаждық басқармасының учаскесінен төрт адам зардап шекті, түрлі дәрежедегі күйіктер алған олар №4 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында Алматы қаласының ІІД Бостандық АІІБ-нің жедел-тергеу тобы тергеу шараларын өткізді. Оқиғаның фактісі бойынша барлық қатысты топтар ақпараттандырылған. Бұл оқиғаның жағдайларын тергеумен және оның себептерін анықтаумен Алматы қаласының ТЖД-нің және басқа органдар өкілдерінің қатысуымен ҚР Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы қаласы бойынша тұрғындарды бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің комиссиясы айналысуда. Аталған учаскедегі жұмыстар тоқтатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны