30.06.2009, 14:37 3252

Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің екінші сессиясы аяқталды

Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің екінші сессиясы аяқталды

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің екінші сессиясы аяқталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Қос Палатаның бірлескен отырысында мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов төртінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің екінші сессияның қорытындысы жөнінде сөз сөйледі.

Оның айтуынша, өткен сессияда парламенттің қарауында барлығы 207 заң жобасы болды, оның 66-сы өткен сессиядан ауысқан болса, 141-і осы сессияда келіп түсті. Парламент 127 заң қабылдап, мемлекет басшысының қол қоюына жіберді. Бүгінгі күні Президент олардың 97-іне қол қойып, заңдар санатына енгізді.

"Атап өтетін бір мәселе, еліміздің ең жоғары өкілді органының соңғы жылдарда атқарған жұмыс ауқымымен салыстырып қарағанда, өткен сессия аса бір қауырт әрі бізге үлкен жауапкершілік жүктеген сессия болды. Бұл сессия біз үшін әлемдік экономика дағдарысының салдарын еңсеру ісіне бүкіл қоғам болып күш жұмылдыра отырып, заң шығару қызметін жүзеге асырудың бірегей тәжибесін жинақтаудың кезеңі болды",- деді Орал Мұхамеджанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны