02.09.2007, 10:18 1624

Төртінші шақырылған парламент жұмысқа кірісті

Астанада мемлекет басшысының қатысуымен парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, онда төртінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясының ашылғаны жайында жарияланбақ, деп хабарлайды агенттік тілшісі. Отырысқа Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, үкімет мүшелері мен президент әкімшілігінің жауапты қызметкерлері қатысып отыр.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 қыркүйек. АСТАНА. Астанада мемлекет басшысының қатысуымен парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, онда төртінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясының ашылғаны жайында жарияланбақ, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Отырысқа Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, үкімет мүшелері мен президент әкімшілігінің жауапты қызметкерлері қатысып отыр.

Төртінші шақырылған парламент ел Конституциясына 2007-жылдың мамыр айында енгізілген түзетулерге сәйкес жасақталған. Парламент депутаттарының жалпы саны 154 адамды құрайды, соның ішінде мәжілістің 107 депутаты мен 47 сенатшы бар. Мәжіліс құрамына "Нұр Отан" партиясынан пропорционал жүйемен сайланған 98 депутат пен Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланған 9 депутат енген. Сенаторлардың негізгі құрамы бұрынғы қалпы қалғанымен, жаңартылған Конституцияға сәйкес президент бұл палатаның қосымша 8 депутатын тағайындады.

Парламенттің бұрынғы құрамында мәжілістің 76, сенаттың 39 депутаты болған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны