29.08.2007, 17:09 2660

Төтенше жағдайлар министрі президентке төтенше жағдайлардан алдын ала сақтандыру мен жоюдың мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасының әзірленуі жөнінде баяндады

Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев төтенше жағдайлар жөніндегі министр Виктор Храпуновты қабылдады, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 29-тамыз. АСТАНА. Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев төтенше жағдайлар жөніндегі министр Виктор Храпуновты қабылдады, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, министр президентке Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайлардан алдын ала сақтандыру мен жоюдың мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасының әзірленуі жөнінде баяндады.

"Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікпен пен үкіметтен жалпы еліміздің әр азаматын сенімді қорғай алатын және Қазақстан аумағында болуы мүмкін табиғи және техногендік төтенше жағдайлардан туындайтын мәселелерді шешуге септігін тигізетін жүйе құру үшін барлық күш-жігерді жұмсауды қажет етеді. Бүгінде біз барлық шараларды қолданып отырмыз. Экономикамыздың өсіміне орай мемлекеттің қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін қажетті қаражатты бөлу мүмкіндігі бар", - деді журналистерге берген брифингте В.Храпунов.

Министр сонымен қатар мемлекет басшысына Астана қаласын тасқын сулардан қорғау жүйесін құру жөнінде де баяндады. Бұл жүйе енгізілгеннен кейін ел астанасы осындай табиғи құбылыстардан сенімді қорғаныста болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны