19.04.2007, 15:16 2953

Төтенше жағдайларды жою жүйесін дамыту стратегиясы аясында қызметтерді техникамен қайта жабдықтау және әуе техникаларды сатып алу жоспарланып отыр - төтенше жағдайлар министрі

ТАРАЗ. 19 сәуір. Kazakhstan Today. Төтенше жағдайларды жою жүйесін дамыту стратегиясы аясында қызметтерді техникамен қайта жабдықтау және әуе техникаларды сатып алу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде ҚР төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов Жамбыл облысында министрлік бөлімшелерімен танысу барысында мәлімдеді.

Оның ақпараты бойынша, стратегия аясында Қазақстанның бірнеше аймағында құтқару орталықтарын ашу, өрт сөндіру қызметтерін 110 млрд. теңгеден астам қаржыға қайтадан техникамен жабдықтау, 23 млрд. теңгеден астам сомаға әуе техникаларын сатып алу, сонымен қатар мобильді бөлімшелер құру жоспарланған.

"Премьер- министр стратегиямен танысты. Құжат елбасына ұсынылды",-деді Храпунов. Оның айтуынша, "құжатта төтенше жағдайларды ескерту саласында ғылыми тұрғыда жұмыс істеу үшін болашақта ғылыми орталық ашу , бөлімше мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру және кадрлар дайындау институтын, құтқару қызметтерін қамтамасыз ететін мемлекеттік коммуналдық мекеме ашу мәселелері ескерілген".

Өрт сөндіру қызметтерін техникамен қайта жабдықтау және қайта құру турасында, министр "ауылдық жерлерде ерікті өрт сөндіру дружиналарын құру қажет", деп атап өтті.

"Мұндай өрт сөндіру бөлімдерін техникамен жабдықтауды ТЖМ өз мойнына алады, ал осындай жұмыстарды ұйымдастыру үшін жергілікті атқару органдарының көмегі қажет",-деді ол.

ТЖ министрі сапар барысында "Қазфосфат" ЖШС , Жамбылдың жаңа фосфор зауытын және Жамбыл облысындағы ТЖМ бөлімшелерін аралап көріп, шұғыл әрекет ету күштерінің байқауына қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны