07.10.2008, 18:19 2821

Трансмашхолдинг Қазақстан жерінде теміржол саласына қажетті өнім шығаратын бірлескен кәсіпорын құруды ұсынады

Трансмашхолдинг Қазақстан жерінде теміржол саласына қажетті өнім шығаратын бірлескен кәсіпорын құруды ұсынады

Астана. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Трансмашхолдинг Қазақстан жерінде теміржол саласына қажетті өнім шығаратын бірлескен кәсіпорын құруды ұсынады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен "Трансмашхолдинг" ЖАҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Бокаревтің кездесуінде айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

А.Бокарев теміржол саласының сұранысын өтеу үшін электровоздар, тепловоздар және жолаушылар вагондарын шығару жөніндегі жаңа бірлескен кәсіпорын құру туралы инвестициялық жобаларды іске асыру ұсынысын енгізді.

Премьер-министр ресейлік компанияның Қазақстан нарығына келу бастамасын мақұлдай отырып, "ҚТЖ"ҰК" АҚ президенті Асқар Маминге "Трансмашхолдинг" компаниясының жетекшілігімен бірлесіп, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны