26.06.2013, 15:54 2966

Травматикалық қару ұстауға тыйым салатын заң жобасы мақұлданды

Мәжіліс бүгін пленарлы отырысында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қызмет мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Астана. 26-маусым. Kazakhstan Today - Травматикалық қару ұстауға тыйым салатын заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәжіліс бүгін пленарлы отырысында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қызмет мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Бұл түзетулерге сәйкес, травматикалық қаруды азаматтық айналымнан шығару және оны қызметтік санатқа жатқызу қаралған.

Травматикалық қарудың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.

Бұдан бұрын заң жобасын таныстыру кезінде ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Сүйінбаев мәлімдегендей, 2012 жылы ғана травматикалық қару пайдаланумен 245 қылмыс жасалған.

Оның мәліметі бойынша, қазіргі кезде 36 мыңнан астам қазақстандыққа 40 мыңнан астам қару тиесілі.

Түзетулерге сәйкес, құқық қорғау органдарының қару сатып алу, ішкі істер органы қызметкерлерінің атыс қаруымен қоса "Жекелеген қару түрлері айналмын мемлекеттік бақылау туралы" ҚР заңына сәйкес өзге қаруды қолдану құқығын бекіту көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны