30.04.2015, 21:50 6958

Триесте нацизммен соғыста қаза тапқан кеӊес жауынгерлері еске алынды

2015 жылы 25 сәуірде Италияныӊ Азаттығы мен Біріктірілуініӊ 70 жылдығына орай елдіӊ бүкіл аймақтарында өтіп жатқан мерекелік шаралар аясында, Триест қаласыныӊ әскери зиратында Италияныӊ солтүстік облыстарын азат ету кезінде қаза тапқан кеӊес солдаттарыныӊ ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасыныӊ Италиядағы Елшілігі және Қазақстанныӊ құрметті консулдығымен бірігіп, Фриули-Венеция-Джулия өнірінде ұйымдастырған болатын

Астана. 30 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылы 25 сәуірде Италияныӊ Азаттығы мен Біріктірілуініӊ 70 жылдығына орай елдіӊ бүкіл аймақтарында өтіп жатқан мерекелік шаралар аясында, Триест қаласыныӊ әскери зиратында Италияныӊ солтүстік облыстарын азат ету кезінде қаза тапқан кеӊес солдаттарыныӊ ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасыныӊ Италиядағы Елшілігі және Қазақстанныӊ құрметті консулдығымен бірігіп, Фриули-Венеция-Джулия өнірінде ұйымдастырған болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кеӊес жауынгерлерініӊ құрметпен еске алуға Словениядағы Ресей Елшілігініӊ және Италиядағы Беларусь елшілігініӊ өкілдері келді. Итальяндық тараптан партизандық соғыс ардагерлері, партизан ассоциацияныӊ мүшелері, Триест қаласы мэрияныӊ өкілі Эди Краус, Триест провинция президентініӊ орынбасары Игорь Доленц, Фриули-Венеция-Джулия аймақ Икімшілігініӊ өкілі Франческо Перони, аймақтағы жоғары әскери, полиция және жандармерия қолбасшылығы қатысты, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Югославия Халықтық-Азат ету Армиясы "орыс батальоныныӊ" 104 кеӊес жауынгерлерініӊ, оныӊ 36-сы қазақтар, құрметіне ескерткішті 2010 жылы Қазақстан Үкіметі орнатқан болатын. Жоғалған сарбаздарды іздеуге соғыс ардагері, жазушы Қалмұқан Исабай бастамашы болды. Обелиск орнату Италиядағы Қазақстан Елшілігініӊ қаза тапқан солдаттардыӊ жерленген орындары мен олардыӊ есімдерін іздеудегі қажырлы еӊбектерініӊ арқасында мүмкін болды.

Рәсімде сөз сөйлеген Қазақстанныӊ Италиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андриан Елемесов осы обелискіні орнатуда көрсетілген баға жетпес көмегі үшін Триест қаласыныӊ мэріне, сондай-ақ обелискіні қайта қалпына келтіруге қаржылай қаражат бөлген Фриули-Венеция-Джулия өӊіріндегі Құрметті консул Л. Беллинеллоға және Пьемонт аймағындағы Құрметті консул Э. Биготтиге алғыс білдірді.

Сол күні қазақстандық Елшілік делегациясы бұрынғы нацистік концлагерь "Ризиера ди Сан Сабаныӊ" қабырғасында Триест қаласыныӊ мэрі өткізген мемориалдық митингке қатысып, нацистік режим құрбандарыныӊ құрметіне Қазақ халқы атынан гүл шоғын қойды.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде итальяндық Қарсыласу Қозғалысына қатысқан партизандар құрамында Италияныӊ аумағында Кеӊес Одағыныӊ 5000-нан астам азаматы қатысты. Италия аумағындағы ұрыс қимылдарында олардыӊ ішінен мыӊға жуық адам қаза тапты. 104-ініӊ есімдері қазір қазақстандық тараптыӊ күшімен жоғалғандар қатарынан қайтарылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны