16.03.2018, 23:25 3936

"Тұмар" телевизиялық бәйгесіне қатысуға 2018 жылы 397 конкурстық өтінім қабылданды

Ағымдағы жылғы бәйгеге 14 номинацяи бойынша өтінімдер қабылдау 15-қаӊтар мен 1-наурыз аралығында жүргізілді. Олардыӊ ішінде қазақ телевизиясыныӊ 60 - жылдығы мен Астананыӊ 20 жылдығына арналған ерекше номинациялар бар

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - "Тұмар" ұлттық телевизиялық бәйгесініӊ салтанатты марапаттау рәсімі 2018 жылдыӊ 16 наурызында Қазмедиа орталығында өтеді. Биылғы жылғы салтанатты іс-шара Қазақ телевизиясыныӊ 60-жылдығына арналады. Тілшілер, телевизия қызметкерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен эстрада жұлдыздарына қоса салтанатты кешке қазақ телевизиясыныӊ ардагерлері де шақырылды.

Ағымдағы жылғы бәйгеге 14 номинацяи бойынша өтінімдер қабылдау 15-қаӊтар мен 1-наурыз аралығында жүргізілді. Олардыӊ ішінде қазақ телевизиясыныӊ 60 - жылдығы мен Астананыӊ 20 жылдығына арналған ерекше номинациялар бар. Сонымен қатар "Үздік операторлық жұмыс", "Жыдыӊ үздік тележүргізушісі", "Жылдыӊ үздік тележурналисі", "Үздік режиссерлік жұмыс" жеке номинациялары.

"Тұмарға" өтінімдерді қабылдау толығымен автоматтандырылып, kaztube.kz порталыныӊ негізінде жүзеге асырылған болатын. Бәйгеге қатысушылардыӊ аса жоғары белсенділіктерін атап өту керек. Өтінімдерді қабылдау кезеӊінде kaztube.kz порталына кірушілер саны 80%-ға өсті, ал өтінімдер саны былтырғы көрсеткішке қарағанда 1,6 есеге артты (240 өтінім).

2018 жылы "Тұмарға" 397 конкурстық жұмыс келіп түсті. Олардыӊ ішінде қазылар алқасы Бәйге ережесініӊ талаптарына сәйкес ресімделген 355 конкурстық өтінімді қарауға қабылдады.

Өӊірлік тұрғыда Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарыныӊ телеарналары көбірек белсенділік танытты.

Номинанттар арасынан еӊ көп қабылданған жұмыстар келесі номинацияларда: "Үздік деректі кино", "Үздік ағартушылық бағдарлама", "Үздік әлеуметтік бағдарлама", "Үздік ойын-сауық жобасы". Бәйгеніӊ қазылар алқасына журналистика мен телерадио хабар тарату салаларындағы кәсіби, жоғары білікті сарапшылар кірді.

Естеріӊізге сала кетсек, "Тұмар" ұлттық телевизиялық бәйгесі Қазақстан Республикасыныӊ Ақпарат және коммункиациялар министрлігі тарапынан еӊ сапалы және маӊызды телевизиялық мазмұнды тауып, дәріптеу үшін, талантты профессионалдарды қолдау және отандық телевизияныӊ сапалық стандарттарын арттырып, қазақстандық телевизияныӊ дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған болатын.

Биылғы жылы бәйге екінші рет өткізілуде.

Ақпарат және коммуникациялар минстрлігі баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны