Система Orphus

Тұңғыш Президент музейінде елорданы көшіру идеясының 20 жылдығына арналған көрме ашылды

03.07.2014, 20:50 728

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan today. Тұңғыш Президент музейінде елорданы көшіру идеясының 20 жылдығына, Астана күніне арналған "Болашақтың бесігі" деректі көрме ашылды. Көрме музейдің ҚР Ұлттық архивімен бірлескен әріптестік жобасы аясында ұйымдастырылды.

"Көрме "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ қатысуымен музейдің ҚР Ұлттық архивімен бірлескен әріптестік жобасы аясында ұйымдастырылды.бұл үлкен жетістік. Өйткені бұл көрмеге біздің архивтің құжаттардың бірқатары шығарылып, жұрттың назарына ұсынылды. Н.Назарбаевтың Парламентте елорданы көшіру туралы ұсынысты тастағанына бүгін жиырма жыл толып отыр. Бүгінде оны біреу білсе, біреу білмес, алайда архивтік құжат кешегі тарихты бүгін біздің алдымызға айна-қатесіз жайып салатынымен құнды. Құжаттардың арасында қолжазба да, ресми қағаздар да, газеттер де, бейне және суреті құжаттар да бар", - дейді ҚР Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары Күләйша Ақтаева.

Айта кету керек, көрменің осылай аталуы да тегін емес, - дейді К.Ақтаева, - оның өзіндік мәні бар.

"Көрменің атауы біз үшін өте маңызды. Бұл Н.Назарбаевтың сөзінен алынған. Астана қазақстандықтардың болашағының бесігіне айналып отыр. Оған дәлел бүгінгі таңдағы еліміздің болашаққа қарай нық қадам басуы", - дейді.

Естеріңізге сала кетейік, 20 жыл бұрын 1994 жылдың 6 шілдесінде Н.Назарбаев ҚР Жоғарғы Сотыны пленарлы отырысының сессиясында Парламентке елорданы ауыстыру туралы ұсынысты айтқан болатын.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны