05.05.2015, 18:49 3832

Тұӊғыш рет ҚР Қарулы Күштерініӊ барлық түрлерініӊ әскери қызметшілері бірлесіп құттықтау үшін жиналды

Искери теӊізшілер, авиаторлар және десантшылар Отан қорғаушы күні қарсаӊында шынайы құттықтау үшін бас қосты. Қару ұстауды көркем түрде нақышына келтіріп орындап, мерекелік күн "7" санын көрсететін сап түзеді.

Астана. 05 Мамыр. Kazakhstan Today - Алғаш рет Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде ҚР ҚК барлық әскер түрлерініӊ өкілдері қатысқан ерекше акция өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Искери теӊізшілер, авиаторлар және десантшылар Отан қорғаушы күні қарсаӊында шынайы құттықтау үшін бас қосты. Қару ұстауды көркем түрде нақышына келтіріп орындап, мерекелік күн "7" санын көрсететін сап түзеді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Аталған акция ҚР ҚК қатарындағы үздік саптық даярлық бойынша өткізген "7 Мамыр" байқауыныӊ қорытындысы болғанын айта кеткен жөн. Іс-шараға бірнеше әскер түрлері мен бөлімшелерініӊ әскери қызметшілері қатысты. Байқауда үздік даярлық көрсеткен жеке взводтар мен әскери бөлімдер ерекше акция арқылы өз шеберліктерін танытты. Олардыӊ арасында Ақтаудағы 25744, Астанадағы 32363, Өскемендегі 27943 әскери бөлімдерініӊ,

ҚР ҚМ құрметті күзет ротасы, сондай-ақ ҚР ҚК арнайы мақсаттағы үздік взводтар мен ҚР Искери-теӊіз күштерініӊ әскери қызметшілері бар. ҚР ҚМ құрметті күзет ротасыныӊ әскери қызметшілері акция барысында сапта қару қолдануды көркем түрде нақышына келтіре орындап парадтыӊ салтанатты элементтерін көрсетті. Осы орайда, байқау жеӊімпаздары барлық төрт тізбектіӊ дәл қосылуы арқылы сапқа тұрып баранбан дауысымен Отан қорғаушы күні "7" санын көрсетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны