07.12.2012, 16:54 2795

Тұрғын үй құрылысына қатысты барлық бағдарлама оның қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталуы шарт - баспасөз баяны

Бүгін "Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жай-күйі мен перспективалары" атты тақырыпта өткен парламенттік тыңдауда Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай мәлім етті.

Елімізде жүзеге асып жатқан тұрғын үй құрылысына қатысты барлық бағдарлама оның қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталуы шарт.

Бүгін "Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жай-күйі мен перспективалары" атты тақырыпта өткен парламенттік тыңдауда Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай мәлім етті.

Спикердің айтуынша, барлық тұрғын үй құрылысына қатысты бағдарламалар тек құрылыс ауқымының өсіміне қол жеткізіп қана қоймай, ең алдымен оның қолжетімділігіне, онда да экономикалық тұрғыдағы қолжетімділігіне бағытталуы шарт.

"Жалпы баспананың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қамтылмаса, әсіресе қоғамның әлеуметтік қалың жігі үшін практикалық шаралар енбесе, көптеген жақсы бағдарламаның өзі тек қана ниеттену декларациясы ретінде қалып қаюы ықтимал. Сондықтан да, тұрғын үй саласындаы басты мақсат - баспанаға мұқтаждардың санын нақты кемітумен байланысты болуы тиіс", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны