27.02.2012, 13:24 3215

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа жекеменшік инвестиция тарту үшін нормативтік-құқықтық база әзірленуде

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта энергия тиімділігі мен энергия үнемдеудің пайдаланылмай жатқан әлеуеті бар. Сондықтан да ауа райына байланысты ғимараттарда жылудың берілуін реттеу қажет", деді А. Белый.

Астана. 27-ақпан. Kazakhstan Today - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа жекеменшік инвестиция тарту үшін нормативтік-құқықтық база әзірленуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Энергия үнемдеу жөніндегі кешенді жоспарда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа үлкен маңыз берілуде, деп хабарлады БҰҰ/ЖЭҚ жобасының менеджері Александр Белый Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта энергия тиімділігі мен энергия үнемдеудің пайдаланылмай жатқан әлеуеті бар. Сондықтан да ауа райына байланысты ғимараттарда жылудың берілуін реттеу қажет", деді А. Белый.

Кешенді жоспарда сондай-ақ, тұрғын үйді жаңғыртуға -терможаңғыртуға, есептегіш құралдар, автоматтандырылған жылу пункттерін орнатуға жекеменшік инвестициялар тарту қарастырылған. Қазір Қазақстанның жағдайында бұл моделді қамтамасыз ету үшін арнайы нормативтік-құқықтық база әзірленетін болады.

"Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп инвестицияларды дамыту үшін заңнамалық база жасайтын боламыз. Оған қоса, ағымдағы жылдың наурыз айында ТКШ секторындағы инвестициялық компанияларды дайындау үшін халықаралық мамандардың қатысуымен тренинггтер сериясы ұйымдастырылады", -деді А.Белый.

Сарапшы сондай-ақ энергия қуаты 20-25% үнемделетін, төлемдер 20-30% қысқаратын және парник газдарының шығарылуы да азаятын ілкі жобаларды атап өтті.

"2009 жылы қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарында алғашқы ілкі жобаларды іске асыра бастадық. Астана қаласында № 15 және №9 мектептерде 2 ілкі жоба жүзеге асырылды. №9 мектепте жылу торабы жаңғыртылды, ау райына байланысты автоматтандырылған жүйесі бар жылу пункті, есептегіш құралы орнатылды, жылу тарату жүйесі жаңғыртылды",- деп атап көрсетті БҰҰ/ЖЭҚ жобасының менеджері.

Бүгінгі негізгі міндет тұрғын үй-коммуналдық сектордың инвестициялық тиімділігін қамтамасыз ету, сондықтан да қазір энергия тиімділігін арттыруды қажет ететін инвестициялық тетіктерді зерделеу қажет.

Бекітілген Кешенді жоспардың аясында 2015 жылға дейін энергия тиімділігін 10% , ал 2025 жылға дейін - 20% арттыру жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны