17.04.2009, 18:53 3190

Тұрғындарды еңбекпен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу жайы қаралды

Тұрғындарды еңбекпен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу жайы қаралды

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен тұрғындарды еңбекпен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоаралық комиссия мүшелері "жол картасының" іске асырылу барысы, атап айтқанда, тұрғындарды еңбекпен қамту, мамандарды даярлау мен қайта даярлықтан өткізу, сондай-ақ, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық жүйесін дамыту және қайта жөндеу мәселелерінің барысын талқылады.

Үкімет әзірлеген іс-қимыл жоспары ("Жол картасы") жаһандық экономикалық үрдістерді ескеріп, өнеркәсіптегі өндіріс көлемінің азаюы салдарын еңсеруді көздейді.

Үкімет тұрғындарды жұмыспен қамтамыз ету және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, сондай-ақ, дағдарыстан кейінгі тұрақты даму үшін жағдай туғызуға қатысты іс-шараларды қолға алуда.

"Жол картасы" - үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы бағдарламаның қисынды жалғасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны