14.04.2014, 19:18 3131

Түрік кеңесіне қатысушы мемлекеттерінің арасында туризм саласы бойынша өзара әрекеттесу хаттамасына қол қойылды

Хаттаманы іске асыру шеңберінде тараптар туризм саласындағы мемлекеттік органдардың, жеке сектор мен қоғамдық институттардың тығыз ынтымақтастығы мен туристік бастамаларды қолдап, Түрік кеңесіне мүше мемлекеттер арасында саяхаттау негізін жасақтауға, туристік көрмелер мен жәрмеңкелерде бірігіп шаралар өткізуге келесті.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan today. Кездесу қорытындысы бойынша Түрік кеңесіне қатысушы мемлекеттерінің арасында туризм саласы бойынша өзара әрекеттесу хаттамасына қол қойылды, деп ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінен хабарлады.

Хаттаманы іске асыру шеңберінде тараптар туризм саласындағы мемлекеттік органдардың, жеке сектор мен қоғамдық институттардың тығыз ынтымақтастығы мен туристік бастамаларды қолдап, Түрік кеңесіне мүше мемлекеттер арасында саяхаттау негізін жасақтауға, туристік көрмелер мен жәрмеңкелерде бірігіп шаралар өткізуге келесті. Түрік кеңесіне мүше елдер семинармен, конференцияларды және тренингтерді өткізу арқылы ақпарат, кәсіби білімдермен алмасу жұмыстарын жандандырамыз деп келісті. Бұдан басқа, тарих, мәдениет, этномәдениет, экология, спорт және басқада тақырыптар бойынша ортақ турөнімдерді даярлау арқылы туристер тамашалайтын орындардың маркетингі жасалатын болды.

Сонымен қатар, Түрік кеңесі 2014 жылдың мамыр айында өтетін Астаналық экономикалық форумда Ұлы жібек жолы бойынша туристік дәлізді дамытуға арналған панельді сессияны өткізуді қолдады. Аталмыш стамбұлдық кездесудің тағы бір маңызды тұсы Түрік кеңесіне мүше елдердің туристік қауымдастығы өкілдерінің арасында біріңғай орган құру турылы ұсыныс болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны