25.03.2011, 13:06 4038

Туристік фирманың директоры алаяқтық жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды

"Zhannat Travel Multi Service" туристік фирмасының директоры алаяқтық жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 25 - наурыз. Kazakhstan Today - "Zhannat Travel Multi Service" туристік фирмасының директоры алаяқтық жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Атыраудағы "Zhannat Travel Multi Service" туристік фирмасының басшысы Түркияға жалған жолдамалар сатқаны үшін, 6 жылға бас бостандығынан айрылған.

"Атырау облысының Экономикалық және жемқорлық қылмысына қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) қызметкерлері, адамдардың сенімін пайдаланып оларды алдау жолымен Түркия Республикасына жалған жолдамалар сатып, осылайша азаматтарды 2 миллион теңге шығынға батырған "Zhannat Travel Multi Service" туристік фирмасының басшысына қатысты қылмыстық тергеу жұмыстарын аяқтады",- делінген хабарламада.

Қаржы полициясының мәліметінше, Атырау қалалық №2 соты туристік фирманың басшысын "алаяқтық" бабы бойынша кінәлі деп тауып, оны мүлкін тәркілеумен қатар 6 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны