19.01.2010, 13:10 3259

Туристік нысандардың құрылысын салуға шетелдік инвестицияларды тарту қажет - Кәрім Мәсімов

Туристік нысандардың құрылысын салуға шетелдік инвестицияларды тарту қажет - Кәрім Мәсімов

Астана. 19 қаңтар. Kazakhstan Today - Туристік нысандардың құрылысын салуға шетелдік инвестицияларды тарту қажет. Бұл туралы Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін ҚР Туризм және спорт министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісі барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Тек қана бюджеттің ресурстарына алақан жайып отыру меніңше, дұрыс емес. Туристік кешенді дамытуға инвестиция тартатындай деңгейде жұмысты ұйымдастыру үшін мүмкіндіктер іздестіру қажет", - деді Кәрім Мәсімов.

"Мемлекет пен бюджет қаражаты бірінші кезекте инфрақұрылымды дамытуға, яғни, жолдарды тартуға, жарық тартуға және тағы басқа да мақсаттарға бағытталуы тиіс. Жалпы алғанда туристік нысандарға инвестиция салу үшін шетелдік немесе жеке меншік инвесторды тарту әрдайым қажет", - деді ол.

Премьер бұған қоса дағдарысқа қарамастан, туризм мен спортты дамытуға ресурс жұмсалып келгенін атап өтті. "Алайда, бізде шешімін таппаған мәселе әлі де көп. Меніңше, елімізде туристік салада бар барлық әлеует толық пайдаланылмай отыр", - деді ол сала министрі Темірхан Досмұхамбетовқа қаратып айтқан сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны