20.07.2015, 16:06 3667

Туристік операторлардыӊ жауапкершілігін күшейтетін заӊды биыл қабылдау жоспарланған - И.Исекешев

Ағымдағы жылы туристік оператордардыӊ жауапкершілігін күшейтетін заӊ әзірлеп, оны қабылдау жоспарланған, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР инвестициялар және даму министрі Исет Исекешев

Астана. 20 Шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы туристік оператордардыӊ жауапкершілігін күшейтетін заӊ әзірлеп, оны қабылдау жоспарланған, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР инвестициялар және даму министрі Исет Исекешев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ұлыбританияныӊ тәжірибесін қолдана отырып, қазақстандықтарды шетелге жіберетін туристік операторлар мен компаниялардыӊ жауапкершілігін күшейткіміз келеді. Биыл заӊ әзірлеп, оны енгізіп, қабылдаймыз деген ойдамын", - деді И.Исекешев, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, әзірленетін заӊ жобасыныӊ басты мақсаты - туристік операторлар, туристік компаниялар мен халық арасында баланс орнату.

"Олар банктер мен ипотекалық құрылыс компаниялары сияқты немесе қатал лицензияландырылуы тиіс, немесе біздіӊ халық зардап шекпес үшін қандай да бір депозит жасау тиіс. Ирине, бұл туристік операторлар нарығына түзетулер енгізеді. Олар осыған дайын болуы керек, бірақ тұрғындарымыздыӊ мүддесі бәрінен биік болуы тиіс", - деп баса айтты ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны