02.05.2024, 15:49 118551

Туризм және спорт министрі Алматының туристік әлеуетімен танысты

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында Dedeman International Hotels & Resort-қа барып, қонақ үйдің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бұл - жуырда ғана оңтүстік астанада өзінің алғашқы қонақ үйін ашқан және жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған қонақты қабылдайтын ең ірі халықаралық желі. Елімізде шетелдік қонақ үй желілерінің ашылуы нарықта бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік береді. Осылайша, барлық туриске қолайлы жағдай жасалмақ.

Сонымен қатар Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалының құрылысымен танысты. Жоба қазір аяқталуға жақын. Терминал биылғы жазда жұмысын бастауға тиіс. Жаңартудан кейін әуежай жылына 10 миллионнан аса жолаушы қабылдай алады.

Сондай-ақ осы жылдың соңына қарай қала тұрғындары мен қонақтары үшін Көк-Төбеде жерасты паркингі бар жаңа конгресс-холл ашылуға тиіс. Мұндай жобаны жүзеге асыру мегаполиске әртүрлі деңгейдегі іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Бұл - қаланың туристік тартымдылығына ықпал етеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны