Туризмді дамыту жөнінде Бурабайда апта сайын бас қосу өткізіліп тұратын болды
Көкшетау. 4 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалин Бурабайды әлемдік деӊгейге көтеру үшін кәсіпкерлертарапынан белсенділік пен жаӊа идеялар күтеді.
"Біз алдағы уақытта да кәсіпкерлердіӊ өз істерін тиімді жүргізуге қолдан келген көмегімізді көрсетеміз. Соған орай, кәсіпкерлердіӊ тарапынан да белсенділік пен жаӊа идеялар қажет",- деді Мәлік Мырзалин.
Бурабай курортты аймағын дамытуға бөлінген қаржы нәтижесін беріп отыр. Курортты аймақтыӊ көптеген мәселелері шешіліп, абаттандыру, жол қатынасы жақсара түсті.
Бурабайдыӊ курортты аймағын дамытудыӊ үшінші кезеӊіне 62 миллиард теӊге қарастырылып отыр.
Бұл қаржы негізінен, су көздерін тазарту, жолдарды жақсарту, спорт-сауықтыру кешенін салу жобаларын жүзеге асыруға бағытталмақшы.
Бурабай аймағына жыл сайын 1 миллионға жуық дем алушы келеді. Мұныӊ көпшілігі жаз айларыныӊ үлесіне тиеді. Күз-қыс айларында қонақ үйлер мен демалыс орындары бос тұрады.
Бурабайға жыл он екі ай туристерді тартуымыз керек. Ол үшін көп салалы спорт кешенін салуды қолға аламыз. Кешенде республикалық, халықаралық жарыстар мен спортшыларымыздыӊ жаттығуларын өткізуге толық жағдайлар жасалады. Бурабайдан тау шаӊғысы жолын ашу ісі де жоспарымызда бар. Мұныӊ бәрі туристерді көптеп тартуға бағытталған шаралар екенін түсіне білейік.
- Неге біз курортты аймақта сумен емдеуді жолға қоймаймыз? Біздіӊ өӊірімізде де шипалы су көздері жеткілікті ғой, неге соларды пайдаланбаймыз?!.
Бұл мәжіліске осы саладағы жұмыспен айналысатын мемлекеттік құзырлы органдардыӊ өкілдерімен бірге, курортты өӊірінде туризм саласын дамытуға атсалысып келе жатқан кәсіпкерлер қатысты.
- Биыл жазда өӊірімізде жұмыс сапарымен болған Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев облысымызда туризмді дамыту мәселесін талқылап, нақты тапсырмалар мен міндеттер жүктеген еді, - дей келе, облыс әкімі туризмді дамытуға қатысты алда тұрған міндеттерге жан-жақты тоқталды. Щучинск-Бурабай арнайы экономикалық аймағы құрылып, Үкімет тарапынан өӊірді дамыту үшін қомақты қаржы бөлінгені белгілі. Курортты аймақты дамытудыӊ алғашқы екі кезеӊінде біраз шаруаныӊ басы қайырылды. Дегенмен, үлгермеген істер аймақты дамытудыӊ үшінші кезеӊінде қолға алынатын болады. "Үкімет басшысы біздіӊ алдымызға қысқа мерзім ішінде Бурабайды халықаралық деӊгейдегі курортты аймаққа айналдыру жөніндегі міндеттерді қойып отыр. Осыған орай, алда қыруар жұмыстар күтіп тұр" - деген облыс басшысы ендігі арада курортты аймаққа аса ірі шетелдік инвесторлар келетінін айтып, сол арқылы қалыптасатын бәсекелестікке бүгінгі жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер төтеп бере алатындай болуы керектігін атап өтті. Жасыратыны жоқ, қазіргі Бурабай аймағындағы жыл санап қатары көбейіп келе жатқан қонақ үйлер мен демалыс орындарыныӊ бәрі бірдей замана талабына сай келе бермейді. Екі, үш, төрт, тіпті, бес жұлдызды деп аталған осы жүзден астам қонақ үйдіӊ тек 12-сі ғана халықаралық деӊгейдегі стандарт бойынша сертификатталған екен. Ал, атауы дардай болғанымен, қызмет сапасы сын көтермейтін қонақ үйлер туралы жұртшылық тарапынан түсіп жататын шағымдар да аз емес. Облыс басшысы, осыған орай қонақ үй бизнесімен айналысып, табыс тауып жүрген кәсіпкерлерге ертеӊгі күні бәсекелестікке төтеп беру үшін уақыт талабына сай жұмыс істеу қажеттігін ескертті.
- Бізге бүгінгі күні жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлердіӊ онан әрі өз істерін жемісті жалғастырғандары тиімді, ол үшін қолдан келген көмегімізді көрсетеміз, бірақ, еӊ бастысы сіздердіӊ тараптарыӊыздан белсенділік пен жаӊа идеялар қажет, - деді облыс әкімі. Бурабай курортты аймағына салынған қыруар қаржыныӊ нәтижесі қазір анық көрініп отыр. Курортты аймақтыӊ көптеген түйткілді мәселелері шешіліп, абаттандыру, жол қатынасы саласы жақсара түсті. Аймақты дамытудыӊ үшінші кезеӊіне 62 миллиард теӊге қарастырылып отыр, бұл қаржы негізінен, су көздерін тазарту, жолдарды жақсарту, спорт-сауықтыру кешенін салу сияқты жобаларды жүзеге асыруға бағытталмақшы. Бурабай аймағына жыл сайын 1 миллионға жуық дем алушы келеді десек, мұныӊ бәрі дерлік жаз айларыныӊ үлесіне тиіп, күз-қыс айларында қонақ үйлер мен демалыс орындары қаӊырап бос тұрады. Осы орайда, өӊір басшысы аймаққа жыл он екі ай туристерді тарту шараларына назар аударды. Осы мақсатта көп салалы спорт кешенін салу қолға алынбақшы. Онда республикалық, халықаралық жарыстар мен спортшыларымыздыӊ жаттығуларын өткізуге толық жағдайлар жасалады. Сонымен бірге, Бурабайдан тау шаӊғысы жолын ашу да жос-парда бар. Бұлардыӊ бәрі туристерді көптеп тартуға бағытталған шаралар.
- Бірақ, мұныӊ бәрі жеткіліксіз, - деді аймақ басшысы. - Неге біз курортты аймақта сумен емдеуді жолға қоймаймыз. Кеӊес заманында жұрт Есентукиге ағылатын, Карлы Вары курорты әлемге осы сумен емдеу арқылы танылған. Өз республикамызда Сарыағаш бар. Біздіӊ өӊірімізде де шипалы су жеткілікті ғой, неге соны пайдаланбаймыз?
"Көкшетау минералды сулары" АҚ-ы директорлар кеӊесініӊ төрағасы Мұрат Ахметов аймақ басшысына кәсіпорын шығаратын суды түрлі дерттерден емдеуге, яғни, шипалы су ретінде пайдалануға болатынын айтты. "Құлагер" суын еліміздіӊ әр өӊіріндегі 20 мыӊға тарта сауда нүктелері сатады екен. Осында шығарылатын суды адам бойындағы жүрек-қантамыр, тірек-қимыл сияқты 12 жүйеніӊ 10-ына ем ретінде пайдалануға болатындығын ғалымдар дәлелдеп отыр. АҚ-ы директорлар кеӊесініӊ төрағасы суды құтымен де, тіпті, үлкен сыйымдылықтағы ыдыстармен де курортты аймақтағы шипажайларға жеткізіп бере алатындарын мәлімдеді. Яғни, сумен емдеуді Бурабай шипажайлары қолға алуларына толық мүмкіндік бар. Дегенмен, кедергі келтіріп тұрған бір мәселе - денсаулық сақтау басқармасынан әрбір қызмет түрі үшін алынатын лицензия жайы. Облыс басшысы бұл мәселені құзырлы органмен бірлесе отырып шешуді тапсырды.
Бурабай өӊірінде тұрып, осы аймақты зерттеумен айналысқан гидрогеолог Евгений Пятов өзге өӊірлерде жоқ родонды судыӊ Бурабай аймағында мол екендігін айтып, көптеген дертке осы суды да пайдалану қажет деген ұсынысын білдірді. Елімізде родонды сумен емдейтін шипажай тек Меркеде ғана бар екен. "Родонды суы мол аймақта тұрып, оны пайдаланбау жөн емес" деді гидрогеолог. Облыс басшысы бұл ұсынысты жүзеге асыру жолдары қарастырылатынын айтты.
Бас қосуда сондай-ақ, ивент-туризмді дамыту мәселесі де талқыланды. Ивент-туризм, яғни, түрлі спорттық мәдени шаралар арқылы туризмді дамыту өкінішке орай, курортты аймақта жеткілікті деӊгейде қолға алынбай отыр. Бұндай шараларды өткізу әсіресе, күз-қыс және көктем айларында демалыс орындарын туристермен толықтыруға игі ықпалын тигізер еді. "А-1 ақпараттық-жарнамалық компаниясы" серіктестігініӊ басшысы Гүлмира Байқошқарова курортты аймақта түрлі мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру жайында айта келе, өз ұсыныстарымен бөлісті. Бұл орайда, еӊ алдымен жарнамалау, жергілікті демалыс орындарыныӊ қызмет сапасын көтеру қажеттігі айтылды.
Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі Үкімет басшысы тапсырған қысқа мерзім ішінде Бурабайды әлемдік деӊгейдегі курортты аймаққа айналдыру міндетін орындау үшін қыруар жұмыстар жүргізу қажеттігін айтып, бұл істен жергілікті кәсіпкерлердіӊ шет қалмауы қажеттігіне, олар неғұрлым белсенді жұмыс жүргізіп, жаӊа идеяларды жүзеге асырулары керектігіне назар аударды. "Туризмді дамыту жөнінде Бурабайда апта сайын осындай бас қосу өткізіліп тұратын болады. Оныӊ бәрін меніӊ кеӊесшім үйлестіреді. Өзім де ай сайын бір рет туризмді дамыту мәселелеріне арналған кеӊес өткізетін боламын", деді өӊір басшысы.
Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.