06.12.2016, 12:48 4721

Түркі әлемініӊ мәдени астанасы - Түркістанда 2017 жылы халықаралық дәрежедегі бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланды

Наурыз айында барша түркі жұртшылығымен бірлескен Ұлыстыӊ ұлы күні - Наурыз мерекесін атауға болады. Осы бағдарлама аясында түркі тілдес театрлар фестивалі, ТҮРКСОЙ-дыӊ ХХ опералық фестивалі, түркі әлемініӊ кітап көрмесі мен мәдениет пен өнер универсиадасы және Орта Азия халықтарыныӊ қолонер фестивалі сынды көптеген халықаралық дәрежедегі іс-шаралар бар

Шымкент. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бауырлас түркі жұрты наурыз тойын Түркістанда тойламақ. Бұл туралы кеше ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласыныӊ әкімі Иліпбек Өсербаев мәлім етті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Оныӊ айтуынша, 2017 жылдыӊ ақпан айында күнгейде "Түркі әлемініӊ мәдени астанасы" бағдарламасыныӊ ашылу салтанаты басталып, жыл соӊына дейін түрлі айдарлармен түркі әлеміне қатысты іс-шаралар өтеді. Солардыӊ бірі наурыз айында барша түркі жұртшылығымен бірлескен Ұлыстыӊ ұлы күні - Наурыз мерекесін атауға болады.

Сонымен қатар, осы бағдарлама аясында түркі тілдес театрлар фестивалі, ТҮРКСОЙ-дыӊ ХХ опералық фестивалі, түркі әлемініӊ кітап көрмесі мен мәдениет пен өнер универсиадасы және Орта Азия халықтарыныӊ қолонер фестивалі сынды көптеген халықаралық дәрежедегі іс-шаралар да бар.

Өздеріӊізге мәлім, 2016 жылы желтоқсан айыныӊ 1-2 күндері Изербайжанныӊ Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеӊесініӊ 34-ші отырысында Түркістан қаласын Түркі әлемініӊ 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекіту туралы шешімі қабылданған болатын. Баспасөз мәслихатында Түркістан қаласыныӊ әкімі Түркі әлемініӊ мәдени астанасыныӊ белгісін облыс әкіміне арнайы келіп табыстағанын жеткізді.

Жалпы ТҮРКСОЙ кеӊесі өнер мен мәдениет саласындағы тұлғаларды дәріптеу мақсатында әр жылдарды олардыӊ атымен жариялай отырып, түрлі мәдени шараларды тұрақты өткізіп отыруды дәстүрге айналдырған. 2012 жылдан бастап ТҮРКСОЙ түркі әлемі қалаларыныӊ бірін түркі әлемініӊ астанасы деп жариялап келуде. Кеӊес еӊ алғашқы мәдени 2012 жылды елордасы - Астана қаласына берсе, 2013 жылы - Эскишехир, 2014 жылы - Қазан, 2015 жылы - Мары, 2016 жылы - Шеки қалалары Түркі әлемініӊ мәдени астанасы болып жарияланды. Ал 2017 жылы - түркі әлемініӊ мәдени астанасы - Түркістан қаласына берілуін қоса есептегенде Қазақстан ТҮРКСОЙ - да мәдени жыл эстафетасын екінші рет алып отыр.

Киелі Түркістан қаласы үшін бұл эстафета үлкен қуаныш екенін айтқан қала басшысы бұл көне қаланыӊ халықаралық деӊгейге көтерілу үшін үлкен мүмкіндік екенін жеткізді.

"Бұл қалалар бір жыл ғана түркі әлемініӊ астанасы болғанымен, өзініӊ түркі әлемінде алар орнын, маӊыздылығын мәӊгілікке қалдыруға қол жеткізеді. Аталған жылды аса жауапкершілікпен ұйымдастырып, шараларды тиісті деӊгейде өткізуге бар күш жігерімізді салатын боламыз",-деді И.Өсербаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны