20.06.2014, 19:55 2774

Түркі кеңесі мүше елдерінің экономикалық ынтымақтастығы жөнінде түркітілдес мемлекеттер кеңесінде талқыланады

20 маусымда Қырғызстанның Шолпон-ата қаласында түркітілдес елдер кеңесінің (Түркі кеңесі) экономика министрлерінің төртінші кездесуі өтеді,- деп хабарлайды ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметі.

Алматы. 20 маусым. Kazakhstan today. 20 маусымда Қырғызстанның Шолпон-ата қаласында түркітілдес елдер кеңесінің (Түркі кеңесі) экономика министрлерінің төртінші кездесуі өтеді,- деп хабарлайды ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметі.

Түркі кеңесіне мүше елдерінің экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде Қазақстан, Изірбайжан, Қырғызстан және Түркия елдері кездесу барысында талқыламақ. Қазақстан жағынан өкілдік топты ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов басқарады.

Кездесу барысында келесі шаралар жоспарланған:

-Ведомствоаралық деңгейде Түркі кеңесіне мүше-мемлекеттер арасында инвестициялық статистика саласындағы өзара түсінушілік жөнінде Меморандумға қол қойылуы;

-Түркі кеңесіне мүше-мемлекеттер арасында инвестициялық климат жөнінде тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін зерттеу жөнінде Меморандумға қол қойылуы;

-Инвестициялық климатты жақсарту, экономиканың және кәсіпкерліктің диверсификациясы жөнінде жұмыс тобының отырысы өтеді;

Түркі кеңесі ҚР Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен Нахчыванда Изірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия президенттерінің және Түрікменстанның министрлер кабинетінің Төрағасының орынбасарының қатысуымен өткен Түркітілдес елдері Басшыларының 9-шы Саммиті барысында 2009 жылы 3 қазандағы Келісімшартқа қол қойылған құрылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны