05.09.2018, 17:52 4030

Түркі тілдес мемлекеттер интеграциясыныӊ тұжырымдамасына қол қойылды

Түркі тілдес мемлекеттер интеграциясыныӊ тұжырымдамасына қол қойылды

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті өткен аптада Бішкекте Түркі тілдес мемлекеттердіӊ ынтымақтастық кеӊесініӊ VI саммитіне қатысты.

Саммитті ашқан Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасыныӊ Президенті Сооронбай Жээнбековке дәстүрлі қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, саммитке Өзбекстан Республикасыныӊ Президенті Шавкат Мирзиёев пен Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанныӊ қатысып отырғанын ерекше атап өтті.

- Бүгінгі басқосуға құрметті қонақтардыӊ келуі Түркі кеӊесініӊ ықпал аясы кеӊейіп, маӊызы артқанын көрсетеді. Саммитте қол жеткізетін уағдаластық пен шешімдердіӊ арқасында өзара ынтымақтастығымыз бен бауырластық байланыстарымыз одан әрі арта түсетініне сенімдімін, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы кіріспе сөзініӊ соӊында Түркі кеӊесініӊ төрағалығын Қырғыз Республикасыныӊ Президенті Сооронбай Жээнбековке табыстай отырып, оныӊ жаӊа мәртебесіне орай табыс тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жаһандану заманында ұлттық салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді жас ұрпаққа қалдыру ерекше маӊызды екенін айтты.

- Осыған байланысты бүгінгі саммит ұлттық ойын түрлерін және жастар саясатын дамытуға арналып отыр. Жүйелі түрде Түркі кеӊесі жастары көшбасшыларыныӊ форумын, ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізуді, түркі әлемініӊ бірегей тарихи жерлеріне өлкетану экспедицияларын ұйымдастыруды ұсынамын. Бұл шаралар жастарымызды жақындастырып, елдеріміздіӊ мәдени ерекшелігі туралы білімдерін тереӊдетуге септігін тигізеді деп сенемін, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанныӊ Түркі кеӊесіне төрағалық еткен кезеӊдегі нәтижелеріне арнайы тоқталды.

- Біздіӊ төрағалығымыз барысында ғылыми-ағартушылық жұмыстарға айрықша көӊіл бөлінді. Атап айтқанда, "Ортақ түркі тарихы" оқулығы әзірленіп, Изербайжанныӊ, Түркияныӊ, Қырғызстанныӊ және Қазақстанныӊ мектеп бағдарламаларына енгізілді. Түркі Академиясы тарихымызды танытып, сананы жаӊғыртуға бағытталған 90-нан астам кітап шығарды. Төрт мыӊ жылдық мәдени мұрамызды жинақтап, оны жариялауға арналған "Аталар мирасы" порталы іске қосылды. Туысқан елдердіӊ тіршілік тамырын басып отыратын "Түркбарометр" әлеуметтік зерттеу жобасы жүзеге асырыла бастады. Туризм саласындағы әріптестігімізді жандандыру мақсатымен "Заманауи Ұлы Жібек жолы" атты жоба іске қосылды. Бұл Ұлы Жібек жолында орналасқан елдеріміздіӊ көне тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін киелі орындарын 14 күнде аралап шығуға мүмкіндік береді, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы әлемдегі геосаяси және геоэкономикалық ахуалдыӊ өзгеруіне орай халықаралық қауіпсіздік проблемалары шиеленісе түскенін атап өтті.

- Бұл - терроризм, діни экстремизм, ұйымдасқан қылмыс, заӊсыз миграция және есірткі тасымалы. Аталған заманауи сын-тегеуріндер түркі дүниесіне де әсер етпей қоймайды. Мұныӊ барлығы біздіӊ кешенді іс-әрекеттерді қолға алуымызды талап етеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Түркі кеӊесі аясындағы ынтымақтастық күш-жігерді жұмылдырып, өзара даму үшін елдеріміздіӊ одан әрі өркендеуіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретінін айтты.

- Астана халықаралық қаржы орталығыныӊ мүмкіндіктерін бірлесе пайдалануымыз керек. Онда қаржы құралдарын дамытуға, капиталды шоғырландыруға және танымал инвесторлар мен қаржы эксперттерін тартуға барлық жағдай жасалған. Осыған орай, елдеріӊізді қаржы орталығыныӊ жұмысына белсене қатысуға шақырамын, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеӊесіне мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды тереӊдетудіӊ маӊыздылығын атап өтіп, елдердіӊ транзиттік әлеуетін пайдаланудыӊ басымдықтарын тоқталды.

- Біздіӊ елдеріміз құрлықтыӊ ортасында Батыс пен Шығыстыӊ, Солтүстік пен Оӊтүстіктіӊ арасын жалғастырып жатыр. Ақтауда қабылданған Каспий теӊізініӊ құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенция өӊіріміздіӊ транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуға септігін тигізеді. Сондықтан, Түркі кеӊесі көлік және теӊіз әкімшілігі министрлерініӊ кездесуі аясында тариф саясаты мен әкімшілік тәртіптерді жеӊілдету жөніндегі жұмыстарды белсенді жүргізуі керек, - деді Қазақстан Президенті.

"Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ жүзеге асырылуына орай Мемлекет басшысы түркі халықтарыныӊ рухани жаӊғыру мәселесіне тоқталып, осы елдердіӊ қасиетті орындарын көздіӊ қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа лайықты мұра етіп қалдыру үшін Түркі кеӊесініӊ жанынан "Түркі әлеміндегі 100 жаӊа есім", "Түркі әлемініӊ киелі жерлері" арнайы жобаларын әзірлеуді ұсынды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Түркі кеӊесініӊ басқарушы органдарыныӊ қызметін оӊтайландырып, тиімділігін арттыру мәселелеріне арнайы тоқталды.

Жиын соӊында Мемлекет басшысы қырғыз тарапын Түркі кеӊесіне төрағалығыныӊ басталуымен тағы да құттықтап, табыс тіледі.

***

Мемлекеттер басшылары саммиттіӊ қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойды:

1. Түркі тілдес мемлекеттердіӊ ынтымақтастық кеӊесі VI саммитініӊ декларациясы.

2. Түркі тілдес мемлекеттердіӊ ынтымақтастық кеӊесініӊ Бас хатшысы мен оныӊ орынбасарын тағайындау туралы шешім.

3. Венгрияға Түркі тілдес мемлекеттердіӊ ынтымақтастық кеӊесіндегі бақылаушы мәртебесін беру туралы шешім.

Мемлекеттер басшылары саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттар қабылдады:

1. Түркі тілдес мемлекеттер интеграциясыныӊ тұжырымдамасы.

2. Түркі тілдес мемлекеттердіӊ ынтымақтастық кеӊесі мемлекеттері басшыларыныӊ ұлттық спорт түрлері саласындағы ынтымақтастықты дамыту және жастар саясаты туралы бірлескен мәлімдемесі.

3. Түркі тілдес мемлекеттердіӊ ынтымақтастық кеӊесі мемлекеттері басшыларыныӊ Шыӊғыс Айтматовтыӊ 90 жылдығына байланысты бірлескен мәлімдемесі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны