Система Orphus

Түркия Президенті: Біз Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 10 млрд долларға жету үшін бар күшімізді саламыз

16.04.2015, 17:44 2448

Астана. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Біз Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 10 млрд долларға жету үшін бар күшімізді саламыз, деді ҚР Президентімен кездесуден кейiн жасалған бiрлескен мәлiмдеме барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біз сауда және экономикалық қатынасымызды нығайтатын боламыз. Сондай-ақ, көлік және өнеркәсіп саласында да жұмысты күшейту қажет. Қазақстан мен Түркия арасындағы әлеует жоғары. Халықаралық нарықта Қазақстан Орта Азия мен Каспий арасындағы дәнекер ретінде үлкен рөл атқарады. Бұл орайда жүзеге асырылған жобалар өӊірдіӊ тұрақтылығы мен жақсы өмір сүруіне әкеледі. Біз Қазақстанда Орта Азиядағы еӊ сенімді әрі маӊызды серіктес ретінде қарастырамыз", - деді Түркия басшысы.

Р.Ердоған атап өткендей, өӊірлік және жаһандық кейбір оқиғалар Түркия мен Қазақстанныӊ сауда қатынасына әсер етті, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Біз бұл олқылықтарды жоюымыз керек. Біз кездесуде бұл мәселелерді талқыладық. Соған сәйкес екiжақты тауар айналымын 10 млрд долларға жеткiзу мақсатын қойып отырмыз", - деді ол.

Естеріӊізге сала кетейік, Қазақстанға мемлекеттік сапармен Түркия Республикасыныӊ Президенті Реджеп Тайып Ердоған келді. Сапар аясында екі мемлекет басшыларыныӊ Жоғары деӊгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеӊесініӊ екінші отырысына қатысуы жоспарланған.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны