26.05.2015, 17:01 4167

Түркияда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даӊғыл ашылды

Жерорта теӊізініӊ төӊірегінде орналасқан Түркияныӊ Адана қаласында Қазақстанныӊ Тұӊғыш Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ атындағы даӊғылдыӊ ашылу салтанаты өтті

Астана. 26 Мамыр. Kazakhstan Today - Жерорта теӊізініӊ төӊірегінде орналасқан Түркияныӊ Адана қаласында Қазақстанныӊ Тұӊғыш Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ атындағы даӊғылдыӊ ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР СІМ баспасөз қызметініӊ мәліметінше, қала ірі даӊғылдарыныӊ біріне Н.И. Назарбаевтыӊ атын беру туралы шешім Адананыӊ облыстық мәслихатыныӊ Қазақстанныӊ Президентініӊ құрметіне өткізілген отырысы барысында қабылданды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Ашылу салтанаты барысында Адананыӊ губернаторы Мұстафа Бүюк пен мэрі Хүсейін Сөзлю Қазақстанныӊ серпінді дамуын, сондай-ақ Тұӊғыш Президент Н.И. Назарбаевтыӊ басшылығындағы еліміздіӊ жетістіктерін жоғары бағалады.

"Қазақстан Президенті Н.И. Назарбаев халықаралық деӊгейлі атақты тұлға болып табылады, ал елініӊ болашақ дамуы жөніндегі стратегияларын Түркияныӊ негізін қалаушысы Мұстафа Кемал Ататүріктіӊ іспеттес көзқарастарымен салыстыруға келеді. Қазақстанныӊ Н.И. Назарбаевтыӊ қоластындағы әлемніӊ көптеген мемлекеттері үшін өркендеу, бейбітшілік пен тұрақтылықтыӊ символы екендігін айтып кеткім келеді", - деп, Губернатор М.Бүюк мәлім етті.

Өз кезегінде, Елші Жансейіт Түймебаев провинция басшылығы мен қала тұрғындарына ҚР Президенті Н.И. Назарбаевтыӊ атына және Қазақстан халқына білдірілген сый-құрметі үшін ризашылығын білдірді.

Адана өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық инфрақұрылымы дамыған Түркияныӊ халқы саны бойынша алтыншы қаласы болып табылады (2,2 млн. адам). Қалада елдіӊ еӊ ірі индустриялдық аймақтарыныӊ бірі орналасқан. Адананыӊ тарихы б.з. 9-шы ғасырынан бастау алып, әр түрлі заманда Рим, Византия және Осман империяларыныӊ құрамына енген болатын. Қаланыӊ орналасқан жері Чукурова алқабы маӊызды ауыл шаруашылық аймағы болып, сол жерлерде мақта, бидай, арпа, жүзім, цитрус тектестері, зәйтүн, темекі және басқалары өсіріледі. Провинцияныӊ жылдық табысы 30 млрд. долл. шамасында. Даӊғыл қаланыӊ орталығында аймақ деӊгейінде тарихи құндылығы бар Адананыӊ еӊ көне колледжі тұрған жерінде орналасқан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны