03.06.2014, 20:09 2441

Түркияның Эдирне қаласында ІІІ Дүниежүзілік түрік форумы өтті

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сарсенбай Еңсегенов Түркияның Эдирне қаласында өткен ІІІ Дүниежүзілік түрік форумына қатысты.

Алматы. 3 маусым. Kazakhstan today. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сарсенбай Еңсегенов Түркияның Эдирне қаласында өткен ІІІ Дүниежүзілік түрік форумына қатысты.

Шараға әлемнің 60 мемлекетінен келген 140 делегат қатысты. Он бір секциядан тұратын отырыста мәдениет, дипломатия және туризм салаларына қатысты мәселелер қаралды.

Сенатор С.Енсегенов түркі ұлттарының түп-тамыры жайлы айтып берді. Сонымен қатар, ғасырлар бойғы тарих жалпыға ортақ бай мәдени құндылықтарды қалдырды, деп атап өтті.

"Мәдениетаралық диалог қоғам арасындағы сенімді қарым-қатынасты реттейтін және болашақты құруда маңызды саяси құрал болып табылады", - деді депутат.

Форум барысында делегаттар түркі мемлекеттердің арасында мәдени және туристік байланыстарды нығайтады, деп сенім білдірді.

Бұдан басқа, халықаралық форум шеңберінде бірқатар мәдени шаралар өткізілді. Мәселен, "Kizil Elma" салтанатты рәсімінде дипломатия, бизнес, ғылым, технология, мәдениет және спорт салаларында жеткен жетістігі үшін бірқатар түркі мемлекеттердің өкілдері марапатталды. Сонымен қатар, сурет өнерінің көрмесі өтті.

Дүниежүзілік түрік форумының қорытындысы бойынша декларация қабылданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны