18.07.2013, 10:52 5064

Түркияның Кедендік одақ құрамына ену перспективасы жоққа шығарылмайды

Кедендік одаққа мүше елдер құрамын кеңейту Түркияны қосу арқылы мүмкін болады, деп хабарлады "НЕОКОН" стратегиялық және басқару мәселелері бойынша сараптық кеңес беру компаниясының басшысы Михаил Хазин Астанада өткен әлемдік және КО елдері экономикасын дамыту тақырыбындағы лекциясында.

Астана. 18-шілде. Kazakhstan Today - Түркияның Кедендік одақ құрамына ену перспективасы жоққа шығарылмайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кедендік одаққа мүше елдер құрамын кеңейту Түркияны қосу арқылы мүмкін болады, деп хабарлады "НЕОКОН"

стратегиялық және басқару мәселелері бойынша сараптық кеңес беру компаниясының басшысы Михаил Хазин Астанада өткен әлемдік және КО елдері экономикасын дамыту тақырыбындағы лекциясында.

"Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік кеңейтілуі тиіс. Осындай мықты ілгерілеу көзқарасынан бұл одаққа Түркиянің кіруі болуы тиіс деп ойлаймын", - деді М. Хазин.

Сонымен қатар, ол Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік сияқты интеграциялық одақтар құру - еңбек бөлісудің әлемдік жүйесінің бұзылуы шеңберіндегі табиғи үдеріс екенін атап өтті.

Атақты экономисттің пікірінше, бүгін КО мүше елдері басшылығының күн тәртібінде тез арада шешілуді талап ететін бірқатар мәселелер бар.

Осылайша, М.Хазиннің айтуынша, бүгінгі таңда КО елдеріне инвестициялық үдерістер, активтерді төмендету және мұнай экспортының құлдилауы мәселелерін тереңірек қарау қажет.

Бұдан өзге, экономикалық одақтар аумағында бірыңғай валюта енгізу туралы Ресей сарапшысы мұндай мәселені алға қою мезгілсіз деп есептейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны