13.07.2018, 18:25 4605

Түркістан қаласын әлемдік деӊгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде дамыту үшін "Көне Түркістан" тұжырымдамасы жасалды

"Көне Түркістан" тұжырымдамасыныӊ басты бағыттарыныӊ бірі туристік индустрияны дамыту болып белгіленді.

Түркістан. 13 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Түркістан облысыныӊ орталығында сәулетшілер мен археологтар, тарихшылар мен суретшілер бас қосты. Өз салаларында елімізге белгілі 40-қа жуық азамат дөӊгелек үстел барысында Түркістан қаласын түркі әлемініӊ рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту жайын сөз етті.

Түркістан қаласындағы жиынға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебев облыс орталығына айналып отырған шаһарды экономикалық, әлеуметтік, рухани-мәдени жағынан дамыту басты мақсат екенін атап өтті.

"Түркістан қаласын әлемдік деӊгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде дамыту үшін "Көне Түркістан" тұжырымдамасы жасалды. Оныӊ басты бағыттарыныӊ бірі туристік индустрияны дамыту болып белгіленді. Жобаныӊ негізгі идеялық мәні - Түркістан қаласын Түркі әлемініӊ тарихи астанасы контексінде "ТҮРКСОЙ" ұйымына мүше елдерге ұсыну. Сонымен қатар, түркітілдес халықтардыӊ сәулеттік, этнографиялық және ұлттық гастрономиялық бағыттарын танытып, қаланы түркі әлемініӊ мәдени орталығына айналдыру болып табылады",-деді облыс әкімі.

Икімніӊ айтуынша, жалпы жоба 99,6 гектар жер аумақты қамти отырып, үш кезеӊде іске асырылатын болады. Бірінші кезеӊде Түркия тарапынан салынған мешіттіӊ оӊтүстік шығыс бетіндегі 61,8 гектар жер аумағына "Этоносаябақ" салу көзделсе, екінші кезеӊде Қожа Ахмет Яссауи кесенесініӊ қарсы бетіндегі 12,3 гектар жер аумағында "ТҮРКСОЙ" ұйымына мүше елдердіӊ мәдени ошақтары мен сол елдердіӊ тарихын сипаттайтын нысандардыӊ құрылысын жүргізу. Ал үшінші кезеӊде Қожа Ахмет Яссауи кесенесініӊ 88,7 гектар аумағындағы бекініс қорғаны мен арбатты және оныӊ бойындағы ғимараттарды жаӊғырту.

Отырыста И.Х.Марғұлан атындағы Археология институтыныӊ директоры, тарих ғылымдарыныӊ докторы, професор Бауыржан Байтанаев, "Интеллект-эксперт" әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығыныӊ директоры, тарих ғылымдарыныӊ докторы, професор, академик Саттар Мәжитов, әдебиет сыншысы, жазушы, тарихшы ғалым Құлбек Ергөбек, ҚР құрметті сәулетшісі, саясат ғылымдарыныӊ кандитаты Ғабит Садырбаев, тариз ғылымдарыныӊ докторы, профессор Хангелді Ибжановтар сөз алып, Түркістанды дамыту бойынша өз ойларын ортаға салды.

Жиынды қорытындылай келе облыс әкімі Түркістан туризм саласы бойынша Самарқан, Бұхара, Хиуа сияқты қалалармен бәсекелесіп, Түркі әлемініӊ астанасы және облыс орталығы ретінде әлемдік аренада Қазақстанныӊ беделін биіктетіп, мәртебесін асқақтататынын жеткізді. Сонымен қатар, ұтымды ұсынысқа қолдау білдірген барша жиынға қатысушыларға шынайы алғысын айтты.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны