11.07.2018, 17:49 4306

Түркістан қаласын түркі әлемініӊ мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспар тұжырымдамасын әзірлеу конкурсы жарияланды

Конкурсты өткізу мерзімі: 2018 жылғы 11 шілдеден бастап 11 тамыз аралығы. Конкурсқа ұсынылған жобалар көрмесі Түркістан қаласында 15-20 тамыз аралығында өтеді. Конкурстыӊ жүлде қоры (салықтарды қоспағанда) 40,0 млн.теӊгені құрайды, оныӊ ішінде:1 орын - 25,0 млн.теӊге; 2 орын - 10,0 млн.теӊге; 3 орын - 5,0 млн.теӊге.

Астана. 11 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан қаласын түркі әлемініӊ мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспар тұжырымдамасын әзірлеу конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Түркістан облысыныӊ әкімдігімен бірлесе отырып, "Қазақстан Республикасыныӊ әкімшілік-аумақтық құрылысыныӊ кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығыныӊ 4 тармақ 2) тармақшасына сәйкес, түркі әлемініӊ мәдени-рухани орталығы ретінде Түркістан қаласын дамыту бойынша бас жоспардыӊ еӊ үздік тұжырымдамасын әзірлеуге ашық халықаралық конкурс жариялайды (бұдан әрі - Конкурс).

Аталған конкурстыӊ мақсаты түркі әлемініӊ мәдени-рухани орталығы ретінде Түркістан қаласыныӊ бас жоспарыныӊ тұжырымдамасыныӊ сәулет-қала құрылысы шешімдерін алуға негізделеді, мұнда облыс орталығы ретінде Түркістан қаласыныӊ ұзақ мерзімді аумақтық дамуы, мәдени-тарихи мұрасыныӊ сақталуы бойынша сапалы шешімдер ұсынылатын болады.

Конкурсты өткізу мерзімі: 2018 жылғы 11 шілдеден бастап 11 тамыз аралығы. Конкурсқа ұсынылған жобалар көрмесі Түркістан қаласында 15-20 тамыз аралығында өтеді.

Конкурстыӊ жүлде қоры (салықтарды қоспағанда) 40,0 млн.теӊгені құрайды, оныӊ ішінде:

- 1 орын - 25,0 млн.теӊге;

- 2 орын - 10,0 млн.теӊге;

- 3 орын - 5,0 млн.теӊге.

Конкурсты ұйымдастырушылар:Комиссия және Түркістан облысыныӊ әкімдігі

Конкурс сайты: Turkestangenplan.kz

Конкурсқа кәсіби сәулетшілер және қала құрылысын жүзеге асыру мамандары (жеке және заӊды тұлғалар) қатыса алады.

Тіркелу формасы ұсынылған немесе сілтеме арқылы онлайн өтіӊіз: https://goo.gl/forms/Hgib4INFc0tAqIsH3

Конкурс шарттары, техникалық тапсырма және басқа да бастапқы материалдар қатысушыларға сәтті тіркелгеннен кейін 1 күн ішінде электронды мекенжайына жіберілетін болады.

Конкурсқа қатысты сұрақтарды:[email protected]; [email protected] электронды мекенжайына жолдауға болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны