04.07.2018, 14:49 4115

Түркістан облысыныӊ Төле би ауданына жаӊа әкім тағайындалды

Түркістан облысыныӊ Төле би ауданына жаӊадан әкім тағайындалды. ҚР Президенті Икімшілігініӊ келісімі және аудандық мәслихаттыӊ келісімі бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бұл қызметке Бауыржан Омарбековты тағайындады.

Түркістан. 4 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан облысыныӊ Төле би ауданына жаӊадан әкім тағайындалды. ҚР Президенті Икімшілігініӊ келісімі және аудандық мәслихаттыӊ келісімі бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бұл қызметке Бауыржан Омарбековты тағайындады.

Икімді аудан активіне арнайы таныстырған аймақ басшысы алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, Мемлекет басшысы бекіткен бағдарламалардыӊ сапалы түрде жүзеге асыруға және ауданныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардыӊ оныӊ ішінде жастардыӊ жұмысқа орналасуын басты назарда ұстау қажеттілігін айтты. Сонымен бірге, ауданныӊ дамуына өз үлесін қосқан бұрынғы әкім Бұхарбай Пармановқа алғысын білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

"Ауданда тұрғын үймен қамту, ауыл шаруашылығын және туризмді дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Енді жаӊа әкім осы бағыттағы жұмыстарды жеделдетіп, сапалы түрде атқару қажет. Сонымен қоса барлық саланы цифрландыру жүйесіне көшіруді басты назарға алған жөн. Ақпараттық технологиялар қарыштап дамып бара жатқан мына заманда IT саласын дамытпасақ, дамыған 30 елдіӊ қатарынан көріну қиын. Өйткені, өркениетті елдердіӊ барлығы осы цифрлы жүйеге көшіп, өнеркәсібініӊ дамуын және халқыныӊ әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді. Бұл жұмысты үйлестіруде жаӊа тағайындалған әкімніӊ тәжірибесі мен біліктілігі жетеді деп ойлаймын. Бұдан бөлек, тұрғындарды ауыз су және көгілдір отынмен қамту және еӊбек ресурстарын реттеп, халықты жұмыспен қамту жұмыстарын күшейтуді тапсырамын",-деді әкім.

Б.Омарбеков 1983 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист. Еӊбек жолын 2005 жылы "Қазкоммерцбанк" АҚ Шымкент филиалы бөлшек бизнесін дамыту секторыныӊ клиенттермен жұмыс жүргізу менеджері болып бастаған. 2006-2015 жылдары аралығында "Қазкоммерцбанк" АҚ Шымкент филиалы № 814 операциялық бөлімініӊ тұтыну несиелерін сату бөлімініӊ менеджері, "Банк Туран Алем" АҚ ОҚФ несие желісі секторыныӊ меӊгерушісі, "Альянс Банк" АҚ директорыныӊ бөлшек бизнесі бойынша орынбасары, "Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы" ЖШС-ніӊ директоры қызметтерін атқарған.

Ал 2015-2016 жылдары аралығында Оӊтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысыныӊ орынбасары, Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ кеӊесшісі қызметін атқарған. 2016 жылдыӊ шілде айынан бастап Ордабасы ауданы әкімініӊ орынбасары лауазымында еӊбек етіп келген.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны