19.01.2019, 21:30 5149

Түркістанда 15 облыс-қала әкімдігі тиісті нысандардыӊ құрылысын жүргізеді

Қостанай облысы - Қазақстан Халқы ассамблеясыныӊ ғимаратын, Қызылорда облысы - Шығыс моншасын, Маӊғыстау облысы - Амфитеатрдыӊ құрылысын бастайды. Елордасы Астана қаласы - "Астана" алаӊыныӊ, Алматы - Медиа орталықтыӊ, Шымкент қаласы - Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасыныӊ құрылысын бастауда.

Түркістан. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Түркістанға арнайы іссапармен ҚР Премьер-министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин келді. Ол еӊ алдымен облыс орталығындағы қызу құрылыс жұмыстарымен танысты. Одан соӊ Түркістан облысы әкімдігініӊ мәжіліс залында облыс орталығын дамыту бойынша келелі жиынға қатысты. Алқалы жиынға бірінші вице-премьер А.Мамин, Түркістан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев және өзге де облыс басшыларыныӊ орынбасарлары, ұлттық компания өкілдері мен инсвесторлар қатысты.

Жиында сөз алған өӊір басшысы Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысыныӊ Түркістан қаласын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндады.

"Қазіргі таӊда Икімшілік-іскерлік орталықта 672 гектар жерден 513 гектар жер мемлекеттік меншікке алынды. Олардыӊ ішінде 48,4 гектар аумақта орналасқан бірінші кезекте салуынуы тиіс 13 нысанды іске асыру үшін жер телімдері толығымен босатылды және 7 нысанныӊ құрылысы басталды. Ал, 88 бес қабатты тұрғын үйлердіӊ құрылысы бойынша (2724 пәтер, 200 мыӊ шаршы метр) дайындық жұмыстары аяқталды. Тұрғын үй құрылысы "Түркістан ИКК" қатысуымен жеке салушылар есебінен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Астана қаласыныӊ тапсырысы бойынша "Астана" алаӊы салынатын болады. Оныӊ құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдыӊ наурыз айында басталып, 2020 жылдыӊ желтоқсан айында аяқталады. Сонымен қатар, Түркістан қаласыныӊ рухани-мәдени аймағында "ҰИҚ Самұрық қазына" АҚ тапсырысымен Қожа Ахмет Ясауи мұражай нысаныныӊ құрылысы басталды. Бұдан өзге, әуежайдыӊ құрылысы бойынша жұмыстар атқарылуда. ҚР Индустрия және жаӊа технологиялар министрлігініӊ Азаматтық авиация комитеті, ҚР Қорғаныс министрлігі және "Казаэронавигация" АҚ мақұлдаған Түркістан қаласындағы әуежайды салу үшін 905,3 гектар жер телімі бөлініп отыр", - деді өӊір басшысы Жансейіт Қансейітұлы.

Сондай-ақ, басқосуда ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы Күлтөбе тарихи орнын жаӊғырту бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, өзге облыс пен қала басшылығы өкілдері өздеріне тапсырылған нысандардыӊ құрылысы жөнінде хабардар етті. Жиында Алматы облысыныӊ әкімдігі "Жастар сарайы" ғимаратыныӊ құрылыс жұмыстарын басталғанын жеткізсе, Ақтөбе облысы - "Изірет Сұлтан" қорығында мәдени-демалыс нысандарын салмақ. Атырау облысы - ашық аспан астындағы мәдени-тарихи мұражайдыӊ құрылысын бастамақ. Шығыс Қазақстан облысы - әуенді субұрқақ салуды көздеп отыр. Солтүстік Қазақстан облысы - олимпиадалық резервті дайындайтын облыстық спорт мектебін салуды жоспарлап отыр. Жамбыл облысы - "Изірет Сұлтан" қорығына мәдени-тарихи Визит орталығын тұрғызбақ. Батыс Қазақстан облысы - Тарихи-киелі орындар орталығыныӊ құрылысын жүргізеді. Бұдан өзге, Қостанай облысы - Қазақстан Халқы ассамблеясыныӊ ғимаратын, Қызылорда облысы - Шығыс моншасын, Маӊғыстау облысы - Амфитеатрдыӊ құрылысын бастайды. Елордасы Астана қаласы - "Астана" алаӊыныӊ, Алматы - Медиа орталықтыӊ, Шымкент қаласы - Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасыныӊ құрылысын бастауда.

Жиын соӊында ҚР Премьер-министрініӊ бірінші орынбасары А.Мамин баяндамашылар көтерген мәселелер назарға алынатынын айтып, Елбасы тапсырмасы бойынша Түркістан қаласын дамыту үшін жауаптыларға құрылысты қарқындатуды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны