14.07.2018, 19:39 4879

Түркістанда ғимараттар шығыс стилінде салынады

"Түркістан қаласында бой көтеретін тұрғын үйлер көп қабатты болмайды. Себебі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесініӊ биіктігінен аспау керек. Барлық жерде мавзолей мүмкіндігінше көрініп тұруы қажет. Сондай-ақ, баспаналар Орта-Азиялық стильде, яғни көне дәуірдегі сәулетпен салынуы тиіс. Сонда еліміздегі, кем дегенде, бір қала осындай ескі келбетпен бой көтереді",-деді Ж.Түймебаев.

Түркістан. 14 шілде. Kazakhstan Today - Түркістанда ғимараттар шығыс стилінде салынады. Бұл туралы облыс әкімі Ж.Түймебаев Түркістан қаласын түркі әлемініӊ рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту бойынша өткен жиында айтты.

Басқосуда сөз бастаған аймақ басшысы 1500 жылдан астам тарихы бар Түркістанныӊ өткенінен аз-кем сыр шертті. Қазақ хандығыныӊ астанасы болған бұл мекен бүкіл түркі әлемініӊ де рухани-мәдени астанасы бола білгенін жеткізді. Сонымен қатар, аталған тарихи шаһарды Елбасыныӊ тапсырмасына сәйкес, Қазақстанныӊ рухани орталығы бағытында жандандыру жайына тоқталды.

"Түркістан қаласында бой көтеретін тұрғын үйлер көп қабатты болмайды. Себебі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесініӊ биіктігінен аспау керек. Барлық жерде мавзолей мүмкіндігінше көрініп тұруы қажет. Сондай-ақ, баспаналар Орта-Азиялық стильде, яғни көне дәуірдегі сәулетпен салынуы тиіс. Сонда еліміздегі, кем дегенде, бір қала осындай ескі келбетпен бой көтереді",-деді Ж.Түймебаев.

Түркістан қаласын туристер үшін қолайлы аймаққа айналдыру мәселесін сөз еткен өӊір басшысы мұнда жаӊадан әуежай, теміржол вокзалы мен автовокзал және қонақ үйлер, дәмханалар салынатынын атап өтті.

Бұдан бөлек, әкім Қ.А. Яссауиға қатысты жарияланған құнды жәдігерлердіӊ көптігінен арнайы Яссауи музейі салыну қажеттігіне де тоқталды.

Жиын барысында Ж.Түймебаев Елбасы тапсырмасыныӊ аясында республиканыӊ әрбір облысы Түркістан қаласына бір ғимараттан салып, сыйға тартатынын жеткізді. Мәселен, Астана қаласыныӊ әкімі И.Исекешев "Астана" саябағын салу туралы ұсыныс білдірген.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны