22.08.2016, 17:53 3452

Түркістанда Премьер-Министр халықпен әлеуметтік-экономикалық дамудыӊ өзекті мәселелерін талқылады

Түркістанды газбен жабдықтау 2014 жылы басталып, "Бейнеу - Бозой - Шымкент" магистральді құбыр желісі бірінші кезекте пайдалануға берілді. Сол сияқты, күші сағатына 100 000 мі құрайтын автоматтандырылған газ тарату станциясы және 2 газ бақылау нүктесі салынған. Алайда, өӊір халқы толығымен газбен қамтамасыз етілмеген.

Астана.22 тамыз. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Оӊтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ақсақалдар алқасымен және зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдіӊ ресми сайты.

Кездесуге қатысқандар аймақтыӊ экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуына қатысты мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, қолжетімді баспана үшін кезекте тұрғандарға арналған көпқабатты үйлердіӊ құрылысы, халықты газбен жабдықтау және туризмді дамыту мәселелері қаралды.

Азаматтардыӊ қойған сұрақтарына ҚР мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ұлттық экономика министрініӊ бірінші орынбасары М. Құсайынов, ҚР ИДМ жауапты хатшысы З. Сағынов жауап берді.

Қазіргі таӊда Түркістанда тұрғын үй кезегінде 3600 адам кезекте тұр. Икімдік алдағы уақытта "Отырар" шағын ауданын салуды жоспарлап отыр. Бүгінде 8 үйдіӊ құрылысы басталды. Олардыӊ ішінде бес қабатты 4 үй "Қазақстан ипотекалық компаниясы" есебіне, тоғыз қабатты 2 үй (72 пәтер) "Отау құрылыс" есебіне, ал "Қолжетімді баспана 2020" бағдарламасы арқылы 60 пәтерлі екі үй салынып жатыр. Жыл соӊына дейін барлық 6 тұрғын үйдіӊ құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, биыл ТКШ саласын модернизациялау аясында 22 үй жөндеуден өткізілді.

Түркістанды газбен жабдықтау 2014 жылы басталып, "Бейнеу - Бозой - Шымкент" магистральді құбыр желісі бірінші кезекте пайдалануға берілді. Сол сияқты, күші сағатына 100 000 м? құрайтын автоматтандырылған газ тарату станциясы және 2 газ бақылау нүктесі салынған. Алайда, өӊір халқы толығымен газбен қамтамасыз етілмеген.

Сонымен қатар, "Көне Түркістан" тұжырымдамасы аясында тарихи-мәдени туризмін дамыту мәселесі қозғалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны