21.09.2009, 17:41 3673

"Тұрмыс" жедел алдын алу іс-шарасы барысында ата-ананың немесе басқа тұлғаның кәмелетке толмағанды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау фактісі бойынша сегіз қылмыстық іс қозғалды

"Тұрмыс" жедел алдын алу іс-шарасы барысында ата-ананың немесе басқа тұлғаның кәмелетке толмағанды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау фактісі бойынша сегіз қылмыстық іс қозғалды

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Тұрмыс" жедел алдын алу іс-шарасы барысында ата-ананың немесе басқа тұлғаның кәмелетке толмағанды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау фактісі бойынша сегіз қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ІІМ-нің Икімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылғы 14 - 19 қыркүйек аралығында республика аумағында ішкі істер органдары "Тұрмыс" жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылды.

ІІМ ақпаратына сәйкес, іс-шараны өткізу барасында тұратын жері бойынша полицияның есебінде тұрған 124 мыңнан аса адам, оның ішінде 33 мың отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасайтын, 79 мыңға жуық спирт ішімдіктерін теріс пайдаланатын және 12 мың жағдайы нашар отбасы тексерілді.

"Құқық бұзушылық жасауға бейім 13 мың жуық адам, оның ішінде 5417 - отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасайтын, 6873 - спирт ішімдіктерін теріс пайдаланатын, 1405 - жағдайы нашар отбасы анықталып, ішкі істер органдарының есебіне қойылды. Маскүнемдік пен нашақорлықпен ауыратын адамдарды арнайы профилактикалық емдеу мекемесіне мәжбүрлеп емдеу туралы 995 материал сотқа жолданды",- деп хабарлайды мекеме.

ІІМ хабарлауынша, әкімшілік жауапкершілікке 23555 адам, олардың ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы іс-әрекеттер үшін - 2096, баланы тәрбиелеу бойынша міндетін орындамау немесе тиісінше орындамау - 594, кәмелетке толмағанды мас күйге жеткізу - 142, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан адамның заңды талаптарын орындамау - 398, спирт ішімдіктерін ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу - 19557, оның ішінде сыра ішкені үшін - 5545 адам тартылды.

"Ата-ананың немесе басқа тұлғаның кәмелетке толмағанды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау фактісі бойынша сегіз қылмыстық іс қозғалды", делінген хабарламада.

Операция барысында ішкі істер органдарының 13 мыңнан аса қызметкері, оның ішінде 5 мың учаскелік полиция инспекторы, 1,5 мың кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы және патрульдік, криминалдық полицияның және басқа да қызметтердің қызметкерлері тартылды. Аталған іс-шараға жұртшылық тартылды, оның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қоғамдық көмекшілері, құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың мүшелері, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау органдарының өкілдері қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны