01.07.2009, 16:03 2812

Тұржановқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту үшін қаржы полициясының тергеу басқармасының бастығына пара бермек болған азамат ұсталды

Тұржановқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту үшін қаржы полициясының тергеу басқармасының бастығына пара бермек болған азамат ұсталды

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Серік Тұржановқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту үшін қаржы полициясының тергеу басқармасының бастығына пара бермек болған азаматты ұстады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Бұрын хабарланғандай, агенттік ұлттық халық санағын өткізуге бөлінген 758 млн 200 мың теңге бюджет қаражатын ысырап ету жолымен ұрлады деген айып Статистика агенттігі төрағасының орынбасарлары Н. Баянов пен Б. Меңдібаевқа және "Фирма "КИІК" ЖШС басшылары А. Нисанов пен С. Тұржановқа таққан.

"Ағымдағы жылғы 16 маусымда Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің тергеу басқармасының бастығына қамауда отырған Тұржанов пен іс бойынша басқа да айыпталушыларға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы және айыпталушылардың қылмыстық іс-әрекеттерін сыбайлас жемқорлық санатынан заңмен көзделген жазасы бас бостандығынан айырумен байланысты емес ауырлығы төмен экономикалық қылмыстар санатына қайта саралау туралы ұсынысымен Темірәли Шіркінбаев деген азамат келіп жүгінген",- деді М.Жұманбай.

М.Жұманбайдың айтуынша, "көрсеткен көмегі үшін Шіркінбаев лауазымды тұлғаға 600 мың АҚШ долларын беретіндігін айтқан және сол күні қызметтік кабинетте параның 100 мың АҚШ доллары көлеміндегі алғашқы бөлігін берген. Осыдан кейін ол қылмыстық істі сатылап қысқартудың жоспарын ұсынды".

"Қылмыстық істі толығымен қысқарту туралы шешім қабылданған жағдайда, Шіркінбаев параның көлемін 1 млн 100 мың АҚШ доллары көлеміне дейін жеткізетіндігін айтқан",- деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, "ағымдағы жылдың 26 маусымында Шіркінбаев өзінің қылмыстық іс-ірекеттерін жүзеге асырып, параның 50 мың АҚШ доллары көлеміндегі келесі бөлігін берген. Ақшаны беру үстінде оны агенттік қызметкерлері ұстады.

Ағымдағы жылдың 28 маусымында Шіркінбаевқа лауазымды тұлғаға аса ірі мөлшерде пара берді деген айып тағылды және ол сот санкциясымен қамауға алынды. Іс бойынша тергеу жүргізілуде".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны