11.09.2012, 13:44 3329

ТЖ болған жағдайда БАҚ бейресми ақпараттардың таралуына жол бермеу шаралары қабылданатын болады

Мәдениет және ақпарат министрлігі төтенше жағдайлар туындаған жағдайда БАҚ-тың ресми емес ақпараттарды таратуына жол бермеу үшін бірқатар шаралар қабылдауда, дейді ведомство басшысы Дархан Мыңбай.

Астана. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today - ТЖ болған жағдайда БАҚ бейресми ақпараттардың таралуына жол бермеу шаралары қабылданатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәдениет және ақпарат министрлігі төтенше жағдайлар туындаған жағдайда БАҚ-тың ресми емес ақпараттарды таратуына жол бермеу үшін бірқатар шаралар қабылдауда, дейді ведомство басшысы Дархан Мыңбай.

"Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда мемлекеттік БАҚ басшылығымен бейресми мәліметтердің таралуына жол бермеу және ақпараттың шынайылығына, мәліметті айтушының құзырына күмән туса, азаматтарды қандай да бір әрекет жасауға үндейтін ресми мәліметті бұрмалаушылыққа жол бермеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді", - деп Д.Мыңбай бүгін Астанада үкімет отырысында атап көрсетті.

Сонымен қатар, министрлік барлық тарату арналары ТВ, газет, интернет арқылы төтенше жағдайлар туралы балама ақпараттың таралуына жол бермеу шараларын қабылдауда.

Д.Мыңбай үкімет басшысы К.Мәсімовке республикалық журналистік пул құру туралы құлағдар етті. Олармен жауапты мемлекеттік органдар берген ресми ақпаратты тұрғындарға бірден жеткізу үшін тәулік бойы байланыс үзілмейтінін айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны