02.12.2020, 22:49 5019

ТЖ министрлігінде азаматтық қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті

ТЖ министрлігінде азаматтық қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті

Алматы. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - ТЖ министрлігінде азаматтық қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті.

2020 жылғы 2 желтоқсанда ТЖ министрлігінде бейнеконференциялық байланыс режимінде азаматтық қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңеске Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), оның аумақтық бөлімшелері, Төтенше жағдайлар министрлігі, оның ведомстволары, аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдары, жергілікті атқарушы органдар қатысты.

Кеңес барысында ТЖ министрі Юрий Ильин, агенттік төрағасы Алик Шпекбаев, ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев, сондай-ақ агенттік департаменттерінің басшылары сөз сөйледі.

Өз кезегінде сөз сөйлеушілер азаматтық қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа және сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлеріне қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылық идеологиясын қалыптастыру, "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жұмысын ұйымдастыру, азаматтық қорғау саласындағы қылмыстық-тергеу практикасы туралы хабардар етті.

Азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу іс-шаралары жүргізіледі.

Азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, парасаттылық қағидаттарын тарату және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою үшін министрлік орталық аппарат базасында "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесін ашу мәселесін пысықтауда.

Өрт қауіпсіздігі саласында бақылау функциялары берілген азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін бейнетіркегіштерді кезең-кезеңімен сатып алу бойынша жұмыс жүргізілуде.

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік бақылаудың баламасы ретінде өрт қауіпсіздігі саласында аудит енгізілді, "өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінің 140-тармағы, "объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" 245-тармағы алынып тасталды.

2018 жылғы 24 мамырдағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң шеңберінде 2 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша функция алынып тасталды.

Қазіргі уақытта министрлік 11 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде: 2 мемлекеттік қызметті Өртке қарсы қызмет комитеті және 9 мемлекеттік қызметті Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті.

Қызмет көрсетуге тартылған тұлғалардың өтініш берушілермен байланысын болдырмау үшін шаралар қабылданды және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде "бір терезе"қағидаты сақталған.

Қызметке конкурстық іріктеу тетіктері енгізілді. Кандидаттарды іріктеу кезінде полиграфологиялық зерттеу нәтижелері міндетті түрде ескеріледі, бұл бастапқы кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды анықтауға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беру, парасаттылық идеологиясын дәріптеу тұрғысынан да басымдылыққа ерекше көңіл бөлінеді.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелерінде тексеру парақтарындағы талаптар саны қайта қаралды және қысқартылды.

Уақтылы қабылданған алдын алу іс-шараларының арқасында 2020 жылы азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың саны өткен жылмен салыстырғанда 53%-ға (2019 ж.-15; 2020 ж. -7) төмендеді.

Осылайша, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелеріне және қоғамдық бақылауды күшейтуге ерекше назар аударылды.

Кеңеске қатысушыларға азаматтық қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы бейнеролик көрсетілді.

Кеңес соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумға қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны