02.06.2008, 16:03 2987

ТЖМ Астана мен Алматыдағы өртке қарсы қауіпсіздік жағдайына алаңдаушылық білдіреді

ТЖМ Астана мен Алматыдағы өртке қарсы қауіпсіздік жағдайына алаңдаушылық білдіреді

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ТЖМ Астана мен Алматыдағы өртке қарсы қауіпсіздік жағдайына алаңдаушылық білдіреді. Бұл туралы бүгін парламентте өткен "үкіметтік сағатта" ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Елордасы мен Алматы қаласының өртке қарсы қорғаныс жағдайы қатты алаңдаушылық тудырады", - деп мәлімдеді В. Божко.

"Астанада барлығы 8 өрт сөндіру депосы бар, ал мемлекеттік жоғары биліктің бірегей ғимараттары мен нысандары салынып жатқан Астананың сол жақ жағалауында бүгінгі күнге дейін өрт сөндіру бөлімшелері жоқ", - деді министр.

Оның хабарлауынша, жуырда министрлік "Қауіпсіздік кеңесіне, президент әкімшілігінің жетекшісіне ақпарат жолдап, сол жағалаудағы өрт сөндіру бөлімшелерін нығайтуға шаралар кешінін дәйектеу ұсынылды".

"Қазір бізде онда өрт сөндіру депосы салынуда, ол бізге аз ғана мүмкіндік береді, бірақ бізге тағы да 7 өрт сөндіру депосы жетіспейді. Қала халқының саны үш есе өсті, бірақ осы мерзімде бір де өрт сөндіру депосы салынған жоқ. Онымен қоймай, өрт сөндіру бөлңмшелерін сан жағынан нығайту мәселесі де шешімін тапұқан жоқ, ал бұл қаланың жалпы инфрақұрылымын дамыту барысында табиғи жүзеге асуы тиіс", - деді ТЖМ басшысы.

"Алматыда да жағдай осындай, еліміз егемендік алған жылдардан бері бір де өрт сөндіру депосы салынған жоқ", - деді ол.

Сонымен бірге, ТЖМ басшысы қала басшылығы жағдайды түсініп отырғанын атап өтті.

"Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін күш біріктіре отырып қарқынды ілгерілетеміз деп сенемін", - деді В. Божко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны