21.05.2012, 15:11 2879

ТЖМ былтырдан бері 7300-ден астам нысан мен 18 кәсіпорынның жұмысын тоқтатты

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында баяндама жасаған Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко осылай мәлім етті.

Астана. 21-мамыр. Kazakhstan Today - ТЖМ былтырдан бері 7300-ден астам нысан мен 18 кәсіпорынның жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, былтырдан бері Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 7300-ден астам нысан мен 18 кәсіпорынның жұмысын тоқтатты.

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында баяндама жасаған Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко осылай мәлім етті.

Баяндама барысында ведомство басшысы республиканың қауіпті өндірістеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін көтеру министрліктің үнемі бақылауында тұрғанын атап өтті.

"Осы бағытта 2011 жыл мен 2012 жылдың бірінші тоқсанында республика бойынша 7300-ден астам нысан мен 18 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды. 2885 кәсіпорын басшысына 90 млн. теңгеге жуық айыппұл санкциялары салынды. Төтенше жағдайларға қатысты талаптар бойынша қауіпті өндірістердегі 853 бірлікті құрайтын тозығы жеткен жабдықтар мен 86 технологиялық желі ауыстырылды. Биылдың өзінде жұмысшылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін тозығы жеткен 87 жабдық ауыстырылды",-деді министр.

Оның айтуынша, аталған шаралардың арқасында еліміздегі апаттар саны 8,2 пайызға қысқарып, өлімге соқтыратын жарақаттар көрсеткіші 7,4 пайызға, ауыр жарақат 4,5 пайызға төмендеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны