11.09.2012, 10:05 3438

ТЖМ хабар таратудың мемлекеттік жүйесін қайта құруды жоспарлауда

ҚР ТЖ министрі Владимир Божко ҚР Үкіметінің отырысында "Аталған жоба 14 облыс орталығын, Астана және Алматы қалаларын, республикалық және облыстық маңызды 37 қаланы, сондай-ақ 168 аудан орталығын қамтиды", - деп атап өтті.

Астана. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today - 2013-2015 жылдар аралығында ТЖМ хабар таратудың мемлекеттік жүйесін қайта құруды жоспарлауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖ министрі Владимир Божко ҚР Үкіметінің отырысында "Аталған жоба 14 облыс орталығын, Астана және Алматы қалаларын, республикалық және облыстық маңызды 37 қаланы, сондай-ақ 168 аудан орталығын қамтиды", - деп атап өтті.

Хабар тарату саласында шешуді талап ететін мәселелердің бірі - ауылдық елді мекендерге ақпарат тарату. "Қолданылып жүрген орталықтандырылған хабар тарату жүйесі о бастан бейбіт және әскери уақытта ірі қалалар мен өнеркәсіп нысандарына хабар таратуға арналғандықтан, ауылдық елді мекендерді қамтымайды. Қазіргі қалыптасып отырған нақтылықты есепке ала отырып, бұл жағдайды түзету қажет деп есептейміз", - деді В.Божко.

Қазіргі күнде хабар таратудың инновациялық шешімдері де енгізілуде. Мысалы, Көксарай контрреттегішінде су қоймасының анағұрлым қауіпті учаскесінде мониторинг жүргізудің заманауи құралдары енгізілген, "Медеу-Шымбұлақ" көлік жолының №9 қар тасқыны бөгенінде тасқын болардан бір күн бұрын ақпар беретін қар тасқынын автоматты түрде бақылайтын құрал орнатылған.

"Ұялы байлыныс құралдарының халыққа хабар таратуды ұйымдастыру мәскелесіне үлкен мән берілуде. Қазіргі таңда SMS - хабарлама арқылы Астана, Алматы қалаларында және Жамбыл облыстарында шұғыл хабар таратудың техникалық шешімі жүзеге асырылған", - деп хабарлады ТЖМ басшысы.

Осылайша, Астана қаласы мен Ақмола облысының іргелес жатқан елді мекендерін тестілік режімде жаппай хабардар ету үстіміздегі жылғы маусым айының 21-22 күндері аралығында жалпы саны 1,5 мың абонентті қамту арқылы жүргізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны